​ Украинаның дроны Белгород облысындағы байланыс нысанына шабуыл жасады

0
411

Губернатор жақын арада төтенше жағдайлар қызметі зардаптарды жоюға кірісетінін атап өтті.


​ Украинаның дроны Белгород облысындағы байланыс нысанына шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Украиналық камикадзе дроны Ресейдің Белгород облысындағы Графовка ауылындағы инфрақұрылымдық байланыс нысанына шабуыл жасады, зардап шеккендер жоқ, деп жазады sputnik.kz.

"Краснояружск ауданының Графовка ауылына Украина қарулы күштері камикадзе дронымен шабуыл жасады, жарылыстан зардап шеккендер жоқ, инфрақұрылымдық байланыс нысанына зақым келді", - деп жазды Гладков.

Губернатор жақын арада төтенше жағдайлар қызметі зардаптарды жоюға кірісетінін атап өтті.

Графовка ауылы Украина шекарасынан бір шақырымдай жерде орналасқан. Белгород облысының Краснояружск ауданы Украинаның Сумы облысымен шектеседі.