Украинаның Марганец қаласына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болды

0
705

Марганец қаласы мэриясының хатшысы Анатолий Деркач шаһардың таңертең бомбаланғанын мәлім етті.


Украинаның Марганец қаласына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Ресей әскерінің Украинаның Днепропетровск облысындағы Марганец қаласына жасаған зымыран-артиллериялық шабуылынан 12 адам қаза болды, деп жазады inbusiness.kz.

Марганец қаласы мэриясының хатшысы Анатолий Деркач шаһардың таңертең бомбаланғанын мәлім етті.

"Ресей әскерінің зымыран-артиллериялық шабуылдары салдарынан 12 адам ажал құшып, тағы 10-нан астамы жарақат алды", – деді ол.

Деркач зымыранның тұрғын үйге ұшырылғанын айтты.

Ол бұған дейін де Ресей әскері бұл қалаға шабуылдағанын, Марганец Ресей бомбалаған алғашқы қалалардың бірі екенін атап өтті.

Қалаға ұшырылған зымыранның жарылысынан мектеп ғимараты, тұрғын үйлер, арт-хаус және қалалық инфрақұрылымның бірнеше нысаны қирап қалған.