Ұлыбританияда AstraZeneca вакцинасы балаларға сыналады

0
2 710

Жоспар бойынша алғашқы екпе осы айда егілуі тиіс.


Ұлыбританияда AstraZeneca вакцинасы балаларға сыналады

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда AstraZeneca әзірлеген вакцина балаларға сыналмақ, деп жазады 24.kz.

Оған 300 еріктіні тарту көзделген. Тестілеу Корольдіктің үш қаласында өтеді. Олар: Лондон, Саутгемптон және Бристоль.

Ғалымдардың айтуынша, алдыңғы зерттеулер вакцинаның ересектерге қауіпсіз екенін көрсетсе, қазіргі сынақ арқылы препараттың 6-17 жас аралығындағы балаларға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша алғашқы екпе осы айда егілуі тиіс.

"Екпе егілгеннен кейін азаматтар бірнеше күн бойы өздерін әлсіз сезінетіндерін білеміз. Енді вакцинаның балаларға қалай әсер ететінін анықтау қажет" - дейді Эндрю Поллард, вакцина әзірлеуші топтың жетекшісі.