Хабарлама 150 мың долларға сатылуы мүмкін (66 млн теңгеден аса).
ERNUR.KZ. Британдық ұялы байланыс операторы Vodafone әлемдегі ең алғашқы SMS-хабарламаны аукционға қойды, деп жазады Zakon.kz
Gazeta.ru мәліметінше, хабарлама 150 мың долларға сатылуы мүмкін (66 млн теңгеден аса).
Аукцион үшін "Merry Christmas" деген жазудағы non-fungible token құрылды (цифрлық нысанның бірегейлігін танытатын сертификат).
Жаңа жылдық құттықтау сөзді Short Message Service (қысқа хабарламалар қызметі — ағылш.) қызметімен айналысатын Sema Group Telecoms компаниясының қызметкері Нил Папуорт жолдады. Мәтін Vodafone директоры Ричард Джарвистің телефонына келіп түскен.