Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

0
664

Соңғы екі аптада қалада 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген.


Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Лестер қаласында карантин режімі қайта күшейтіліп жатыр. Бұған коронавирустың өршуі себеп, - деп жазады "Хабар24".

Соңғы екі аптада қалада 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген. Осылайша 350 мыңдай тұрғыны бар қалада вирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяп қалды. Жаңа ережелерге сай, бүгіннен бастап азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары жабылды. Ал бірер күннен кейін мектептерде сабақ тоқтатылады.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнок тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды.

"Біз шектеу шараларының орындалуын жіті қадағалаймыз. Қажет болса, талаптарды күшейтеміз. Сақтық шаралары орындалса, індетке тосқауыл қойылып, Лестердегі қала тіршілігі қайта жанданады. Қабылданған шаралардың тиімділігін бақылап отырамыз. Екі аптадан соң талаптарды жеңілдете аламыз ба, жоқ па, соны шешеміз", - деді Хэнкок.