2021 жылғы қаңтар-ақпанда Ұлыбританияда ауруханаға түсу мен өлім оқиғалары өте көп болады деп болжанып отыр.
ERNUR.KZ. Ұлыбритания осы қыста коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалуы керек. Ол біріншіге қарағанда өлім жағдайын көбейтуі мүмкін. Бұл туралы британдық медицина ғылымдары академиясының сейсенбіде жарияланған баяндамасында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Пандемия мен алдағы тұмау індетіне байланысты елдің денсаулық сақтау жүйесінде туындаған қиындықтармен қатар коронавирустың екінші толқыны Ұлыбритания азаматтары үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.
Осыған байланысты құжат денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктеме қаупін азайту үшін және қыста демікпе, инфаркт, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы мен инсульт сияқты басқа да инфекциялардың таралу қаупі артатындықтан жедел дайындықты қазірден бастауға шақырады.
Құжатта Ұлыбританиядағы коронавирустың екінші толқыны қалай дамитынына қатысты белгісіздіктің жоғары дәрежесі бар екені көрсетілген. Онда ауру жұқтырған адамдардың орташа санын көрсететін R репродукция индексі 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 1,7-ге дейін өседі.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда Ұлыбританияда ауруханаға түсу мен өлім оқиғалары өте көп болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, биылғы қыркүйек айынан бастап 2021 жылдың маусымына дейінгі кезеңде коронавирустан туындаған атипиялық пневмониямен байланысты COVID-19 вирусынан қайтыс болу жағдайларының саны 119 900 адамға жетуі мүмкін.
Айта кетейік, Ұлыбританияда індетке шалдыққандардың жалпы саны 290 мың адамнан асты. COVID-19 вирусынан 44,8 мың адам көз жұмған.