Үндістанда аптап ыстықтан 29 адам көз жұмды

0
958

Ел астанасы Нью-Делиде 10 маусымда ауа температурасы 50 градустан асып, рекордтық көрсеткішке ие болды.


Үндістанда аптап ыстықтан 29 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстік-шығысында муссонның кешігуіне байланысты бір ай бойы ыстықтың беті қайтпауда. Соның салдарынан 29 адам қайтыс болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі - 25 адам Аурангабад округінің тұрғындары, қалған төртеуі Навада және Гайя округтерінен болып табылады.

Бұлардан бөлек 30-дан астам адам ауруханаға жатқызылған.

Үндістанда соңғы бірнеше апта бойы бұл маусымға тән емес аптап ыстық сақталып тұр. Термометр бағаны күндіз 40 градустан төмен түспеуде.

Ел астанасы Нью-Делиде 10 маусымда ауа температурасы 50 градустан асып, рекордтық көрсеткішке ие болды.

Бұл Үндістан астанасы тарихындағы ең жоғары температура.