Үндістанда арқасында үшінші қолы бар бала дүниеге келді

0
597

Ол қолында үш-ақ саусақ бар.


Үндістанда арқасында үшінші қолы бар бала дүниеге келді

ERNUR.KZ. Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге полимелия деген диагноз қойды. Қосымша қол-аяқпен туылатын балаға қойылатын бұл диагноз әлем бойынша өте сирек кездеседі, деп жазады zakon.kz.

Баланың екі қолына қоса арқасынан қысқа қол өсіп шыққан. Ол қолында үш-ақ саусақ бар.

Желіде ереше сәби түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан бүйірінен жатқан баланы көруге болады, үшінші қолын ұстаса, бала жылай бастайды. Кіндігі түспегеніне қарағанда, бала жақында ғана туылған.

Нәрестенің аты-жөні, жынысы және қалай туылғаны жарияланбады. Дәрігерлер емдеудің ықтимал әдістері туралы хабарлаған жоқ, алайда мұндай жағдайларда қосымша шыққан қол немесе аяққа ампутация жасалуы мүмкін.