Қыркүйекте Ұлыбританияда алғаш рет коронавирустың қауіпті мутациясы анықталған еді, ол желтоқсанда белсенді тарай бастады.
ERNUR.KZ. Үш мемлекет Ұлыбританиямен әуебайланысын жандандыру шешімін қабылдады, олар осыған дейін коронавирустың жаңа штамына байланысты осы елмен әуебайланысын уақытша тоқтатқан еді, деп жазады tengrinews.kz.
Осылайша, 2 қаңтардан бастап Латвия Ұлыбританиямен рейстерді жандандырды. Сондай-ақ сол күннен бері Норвегияда екі ел арасындағы шектеулерді алып тастайды, бірақ үкімет шекара асып келген барлық адамдар коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі. Келесі аптада, 8 қаңтарда, Үндістан осы елге рейстерді ашады.
Қыркүйекте Ұлыбританияда алғаш рет коронавирустың қауіпті мутациясы анықталған еді, ол желтоқсанда белсенді тарай бастады. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаңа штамның 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа типі Ұлыбританиядан басқа кемінде 17 елден анықталған. 50-ден аса ел корольдікпен әуебайланысын тоқтатты.