Uzbekistan Airways 17 ұшағын сатуға қойды

0
577

Соған сәйкес, Uzbekistan Airways жыл соңына дейін Airbus A321neo LR үлгісіндегі екі ұшақты, кейінгі жылы үш A321neo ұшағын жалға алу қарастырылған.


Uzbekistan Airways 17 ұшағын сатуға қойды

ERNUR.KZ. Uzbekistan Airways әуе компаниясы бес Boeing, бес Ил 76 және жеті Ил 114-100 ұшағын сатуды жоспарлап жатыр, деп жазады centralasian.org.

Соған сәйкес, Uzbekistan Airways жыл соңына дейін Airbus A321neo LR үлгісіндегі екі ұшақты, кейінгі жылы үш A321neo ұшағын жалға алу қарастырылған. Сонымен бірге жыл соңына дейін төрт A320 ұшағын толық эконом-классқа (full economy) өткізіп, қызмет көрсету ақысын 20-25% төмендету көзделген.

Бұдан бөлек әуе компания Uzbekistan Helicopters компаниясы үшін төрт Airbus (екі H125 және екі H130) тік ұшағын сатып беріп, енді тағы бір Ми-8 тік ұшағын сатпақ.