Оларды жиі ұрлап, өлтіріп, қара нарықта мәйітін сатады.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Африка республикасында альбиностар арасындағы алғаш сұлулық байқауы өтті. Шараның мақсаты - генетикалық ерекшелігі бар адамдарды кемсіту мәселесіне қоғам назарын аудару, деп жазады sputnik.kz.
Көптеген африкалық елде альбинизмі бар адамдарды кемсіту, зорлық-зомбылық көрсету мәселесі өзекті.
Оларды жиі ұрлап, өлтіріп, қара нарықта мәйітін сатады.
Сондықтан байқау ұйымдастырушылары африкалықтардың альбиностарға деген қарым-қатынасын өзгертуді көздеп отыр.
"Бұл өте маңызды бастама. Осындай адамдарды өлтіретіндерге айтарымыз: "Бізде де сол ген болуы мүмкін", - деді байқау ұйымдастырушысы Годфри Мфатсве.
Альбинизм — тұқым қуалайтын дерт, адамда толықтай немесе аздап меланин пигменті болмайды.
Ерекше адамдар арасындағы байқау қалай өткенін видеодан көре аласыз.