«Вирус 5 минутта өкпені іштен құртады»: 2018 жылғы телехикаяда коронавирус туралы анық айтылған (видео)

0
1 348

Телехикаяда қорқынышты вирустың инкубациялық кезеңі 2-14 күн аралығын құрайтыны да нақты айтылған.


«Вирус 5 минутта өкпені іштен құртады»: 2018 жылғы телехикаяда коронавирус туралы анық айтылған (видео)

ERNUR.KZ. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның киностудиясы таспалаған «Териус - менің артымда» атты телехикаяда коронавирус туралы анық айтылады. Туындының 1-маусымындағы 10-бөлімін тауып, соның 53-минутынан бастап тыңдасаңыз, кейіпкерлер қазір кең тарап жатқан індеттің атауын сол сәтте-ақ тілге тиек еткен, деп жазады Skifnews.kz.

Сонымен, аталған телесериалдың 1-маусымы, 10-бөлімінің 53-минутынан бастап сөзбе-сөз аударма ұсынып көрейік...

«– Тағы да зерттеу жүргізуге болады. Бірақ, мутациялық коронавирусқа ұқсайды...
– Коронавирус? МЭРС?
– МЭРС, АС – кәдімгі тұмау. Олардың бәрі – ген және формация жағынан бір топтан. Коронавирус респераторлық жүйені білдіреді. 2015 жылы эпидемия кезінде өлім көрсеткіші 20 пайызды көрсеткен.
– Бұны шынымен құрал ретінде қолдануға бола ма?
– Айтқандай, бұл – мутациялық вирус. Біреу оны өлім көрсеткіші 90 пайыз болатындай етіп өзгерткен.
– 90 пайыз?!
– Өте маңыздысы, инкубациялық кезең 2-14 күн аралығын құрайды. Бұл вирус 5 минуттың ішінде өкпені іштен құрту үшін жасалған. Бұл – қорқынышты вирус.
– Қандай да бір дәрісі бар ма?
– Өкінішке қарай, қазіргі уақытта дәрісі де, вакцинасы да жоқ».

Бұл – бас кейіпкер мен дәрігер арасындағы диалог. Одан кейін сол ауруханадан естігендерін өз ортасында талқылайды.

«– Корс (коронавирус – ред.) вакцинасы деймісің?
– Инфекция өршігеннен кейін «Сангук формацевтикасы» өзінің барлық қаржысын вакцина жасауға салды.
– «Сангук формацевтикасы» патентке арыз береді ғой.
– Корс?.. Мен бұны бір жерден естіген сияқтымын...».

Осылайша, өзара әңгімелесіп отырған үш адамның бірі коронавирус қаупі туралы әңгімені қайдан естігенін есіне түсіреді. Иә, есіне түсті, ол әңгімені әлдебір жігіт телефон арқылы бір әйелмен өрбіткен еді. Телефондағы диалог:

«– Қолдан жасалған жасанды вирус? Өлім көрсеткіші қанша?
– 90 пайыз.
– Олар биологиялық теракт жоспарлап отыр ғой. Біз уақыты мен орнын білуіміз керек».

Оны тыңдап келген бас кейіпкерлердің бірі алдында ақылдасқан екеуге ноутбугын құшақтап, ентіге жетеді.

«– Бұл не?
– Ант етейін, кеше мен осында корс қаупі туралы естідім. Өздерің тыңдап көріңдер!

Ноутбуктағы диктофонға басылған дауыстар:
«– Мен адамға тест жүргізуді аяқтадым.
– Қалай өтті?
– Енгізілген генетикалық материал сәтті бейімделді. Енді корс жоспарының екінші этапын жасайтын уақыт келді».

Сөйтіп, осы үш бас кейіпкер коронавирус індетінің Оңтүстік Кореяға таралып кетпеуі үшін жанталасып, оның алдын алу шараларын жасауға кірісіп кетеді...

Қарап отырсаңыз, осыдан екі жыл бұрын шыққан телехикаядағы бұл көріністер қазіргі шындықтан алшақ емес. Әсіресе, ондағы белгісіз кейіпкердің «корс жоспарының екінші этапын жасайтын уақыт келді» дегені бүгінде Қытайдан тарап жатқан пандемияның SARS-CoV-2 атты жаңа түрінің пайда болғанымен үндесетіндей ме, қалай?..