Ыстамбұлдағы автобекетте бомба табылды

0
623

Бомба автокөліктен табылған.


Ыстамбұлдағы автобекетте бомба табылды

ERNUR.KZ. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу полиция Ыстамбұлдағы автобекетте жарылғыз зат тауып алғанын мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

Министрдің сөзінше, елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері 5 келі жарылғыш зат әкелген. Бомба автокөліктен табылған. Жарылғыш зат залалсыздандырылды.

Сулейман Сойлу теракттің алдын алу полицейлердің және барлау қызметінің қырағылығының арқасында болғанын мәлімдеді. Нәтижесінде полицейлер екі адамды ұстады.

"Ол жерде мыңдаған адам болды. Бомбаны қойғандар ұсталды", - деді Сойлу.

Бұған дейін Түркияның қарулы күштері Ирактың Хафтанин аймағында елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы жаңа операцияны бастаған болатын. Операцияға авиация, Т129 ATAK тікұшақтары және соққы беретін дрондар жұмылдырылды.