Қытай АҚШ-пен сауда соғысына дайын

0
1 705

Биылғы наурыздан Қытай мен оның ірі экономикалық әріптесі – АҚШ арасы «сауда соғысы» салдарынан суи бастады.


Қытай АҚШ-пен сауда соғысына дайын

фото: aurora.network

Бейжің АҚШ-тағы Қытай инвестициясының көлеміне шектеу орнатуға дайын. Бұл туралы аспанасты елдің коммерция мигистрлігінің өкілі Гао Фэн мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз бір жақты протекционистік шаралардың қайсысына болсын қарсымыз. АҚШ жалпыәлемдік үрдістерге сай әрекет етеді деген үміттемін, - деді ол. – Қытай Вашингтонның кез-келген әрекетіне дайын».

Шенеунік Қытай капиталының арқасында Құрама Штаттарында көптеген жаңа жұмыс орны ашылғанын және Бейжің мұнымен америка экономикасының дамуына ықпал еткенін еске салып өтті.

Биылғы наурыздан Қытай мен оның ірі экономикалық әріптесі – АҚШ арасы «сауда соғысы» салдарынан суи бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін болатқа 25, алюминийге 10 пайыз кеден салығын енгізді. Америка лидері 22 наурызда «Қытайдың экономикалық агрессиясына» қарсы күрес туралы меморандумға да қол қойған еді. Ал, Қытай өз тарапынан 2 сәуірде америкадан келетін 130 тауар түріне 25 пайыз мөлшеріндегі алым енгізді.