Зеленский Ресейді келіссөзге шақырды

0
657

Оның айтуынша, бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз болады.


Зеленский Ресейді келіссөзге шақырды

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Мәлімдеме "Украина-24" телеарнасында көрсетілген видеоүндеуде айтылды. Трансляция YouTube-та жүргізілді.

"Ресей ерте ме, кеш пе бізбен қақтығыстарды тоқтату туралы келіссөз жүргізуі керек", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз болады.

Сондай-ақ, Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы қақтығысының тоқтамауы Батыстың Мәскеуге салған санкцияларының жеткіліксіз екенін көрсетіп отырғанын, әлем Украинада болып жатқан оқиғаларды тек алыстан бақылап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.

Қорытындылай келе, Украина басшысы Ресеймен Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылаудан қорықпайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Зеленский "Бухарест тоғызына" өз еліне қорғаныс көмегін сұрады. Саясаткер мұны Польша президенті Анджей Дудамен талқылағанын Twitter-де жазды.


"Біз өз еркіндігіміз бен жерімізді қорғаймыз. Бірақ бізге тиімді халықаралық көмек қажет. Мен Бухарест тоғызына қорғаныс көмегі екенін айттым. Біз бірге Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек", - деп жазды Зеленский.

"Бухарест тоғызы" - НАТО-ның шығыс флангындағы елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған Орталық және Шығыс Еуропаның тоғыз елінің бірлестігі. Қауымдастыққа Болгария, Венгрия, Эстония, Литва, Латвия, Польша, Румыния, Словакия және Чехия кіреді.