Зеленский Украинаның алты қаласына "Қаһарман қала" атағын берді

0
949

Тиісті Жарлықтан үзіндіні Kharkiv Today жариялады.


Зеленский Украинаның алты қаласына

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский өз Жарлығымен алты қалаға – Харьков, Чернигов, Мариуполь, Херсон, Гостомель және Вольновахаға "қаһарман қала" атағын берді, деп жазады nur.kz
Тиісті Жарлықтан үзіндіні Kharkiv Today жариялады. "Ресей Федерациясының Украинаға қарсы қарулы қақтығысына тойтарыс беру жолында өз қалаларын қорғауда азаматтардың көрсеткен ерлігін, қаһармандығын және төзімділігін марапаттау мақсатында қаулы етемін: "Украинаның қаһарман қаласы" құрметті белгісін белгілеу; Вольноваха, Гостомель, Мариуполь, Харьков, Херсон, Чернигов қалаларына йУкраинаның қаһарман қаласый құрметті белгісі берілсін", - делінген ресми құжатта.

Аталған Жарлық туралы Зеленский өзінің бейне-үндеуінде мәлімдеді. Оның сөздерінің украин тілінен аудармасын РБК Украина жариялады. Басылым атап өткендей, Украинадағы қаһарман қала – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаһармандық қорғанысымен танымал болған төрт қалаға берілген ең жоғары белгі.

Бұл атақ мына қалаларға берілген:

- Одесса;

- Севастополь;

- Киев;

- Керчь.