Зеленский Украинаның қорғаныс министрін итеріп жіберді - видео

0
930

Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды.


Зеленский Украинаның қорғаныс министрін итеріп жіберді - видео

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский әскери қызметкерлерді далалық жағдайларда жайғастыруға арналған эксперименттік модульдерді қарап шығу кезінде қорғаныс министрі Степан Полторакты қолымен итеріп жіберді, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде жарияланған.


Президенттің не үшін мұндай әрекет жасағаны айтылмаған.

"Обозреватель" басылымы хабарлағандай, Украина басшысы алдымен Бас штабтың бастығы Руслан Хомчакпен, президент кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Рябошапкамен және тағы бір адаммен әңгімелесіп тұрады.

"Бір кезде Зеленский кілт бұрылып, жақындап келген Полторакты өзінен ары қарай итеріп қалады. Дегенмен кейінірек видеода ол күлімсіреп, қорғаныс министрінің баяндамасын тыңдап, оның иығынан қағады", - дейді басылымның авторы.

Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Рябошапка "Зеленский қорғаныс министрін итеріп жібермегенін, әрі тұруын өтінгенін" айтты.