Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобуспен соқтығысты

0
750

Оқиға орнынан түсірілген суреттерден жеңіл көліктердің қатты зақымданғанын байқауға болады.


Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобуспен соқтығысты

ERNUR.KZ. Украинаның Запорожье облысында демалыс орнынан қайтып келе жатқан ішінде балалар бар автобус тізбегі жол апатына ұшырады. Олар ел президенті Владимир Зеленскийдің кортежіндегі көліктермен соқтығысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала ақпарат бойынша жол-көлік оқиғасына жеңіл автокөліктердің автобустар легін басып озуы себеп болған.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерден жеңіл көліктердің қатты зақымданғанын байқауға болады. Автобустардың бірі жолдың шетіне шығып кеткен. Алайда, полицияның алдын ала мәліметінше, автобус ішіндегі жолаушылар да, балалар да зардап шекпеген.

Мемлекеттік күзет басқармасының дереккөздеріне сүйенген басылым автобустар легін Зеленскийдің кортежіндегі екі Volkswagen Touareg пен президент қауіпсіздігі қызметінің шағын автобусы басып озғанын жазды. Белгілі болғандай, олар Киевке қарай жол тартқан. Ал көлікте Зеленский болмаған. Ол астанаға ұшақпен кетіп қалған.

"Мемлекеттік қызмет басқармасында үздіксіз люстрация салдарынан қазір былық. Штаттағы 30 жүргізушінің тек жартысы ғана қызмет етуде. Кадр жетіспеушілігі мен тығыз жұмыс кестесінен көлік жүргізушілері тәуліктеп ұйықтамайды. Жол апаты да осыдан" , - деді дереккөз.