Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді.
ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралындағы жанартаудың атқылауынан қаза тапқан алты адамның мүрдесі табылған, деп жазады Skifnews.kz.
«Уайт-Айленд аралынан табылған алты адамның мүрдесі қазір Wellington күзет кемесіне жеткізілуде» делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Жаңа Зеландияның күйік орталықтарында жанартау атқылауынан зардап шеккен 17 адам жатыр. Олардың 13-еуі - ауыр хәлде. 11 зардап шегуші Австралияға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді. Жанартаудың атқылауы Уайт-Айленд аралында жергілікті уақытпен сағат 14:15-те болған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазір төнуі мүмкін қауіптің деңгейін бақылауда.