Енді теледидар арқылы үйде отырған адам өзге жердегі мейрамханада жасалған тағамның дәмін тата алады.
ERNUR.KZ. Телеэкраннан тағамның дәмін білуге болады. Жапония осындай мүмкіндікке қол жеткізді, деп жазады 24.kz.
Бұл құрал Taste the TV деп аталады. Жоба авторының айтуынша, мұндай құрылғы пандемия кезінде өте қажет.
Мәселен, үйде отырған адам өзге жердегі мейрамханада жасалған тағамның дәмін тата алады. Сөйтіп қалаған тағамына еш күмәнданбастан тапсырыс беруіне болады. Бұл бір есептен шығынды да азайтады.