Жапония премьері император Акихитоның тақтан бас тартатынын жария етті

0
1 687


Жапония премьері император Акихитоның тақтан бас тартатынын жария етті

ERNUR.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ сейсенбі күні император Акихитоның тақтан бас тартатынын ресми жариялады. Бұл туралы министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга NHK қоғамдық телеарнасындағы тікелей эфирде мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұлы Мәртебелі арнайы заңдағы ережеге сәйкес, бүгін өз құзіретін тоқтатады», - делінген құжатта. Премьер осыған байланысты император Акихито мен императрица Митикоға халық атынан алғыс айтты.