Жапонияда аптап ыстық: рекордтық температура тіркелді

0
1 115

Жапонияның барлық өңірінде тамыз айында күн өте ыстық болып отыр.


Жапонияда аптап ыстық: рекордтық температура тіркелді

ERNUR.KZ. Жапонияның Сидзиока префектурасының Хамамацу қаласының орталығында термометр бағаны 41,1 Цельсия градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелген, деп жазады ҚазАқпарат.

Жапонияның метеоқызметінің хабарлауынша, дәл осындай ауа температурасы 2018 жылдың 23 шілдесінде, Сайтама префектурасының Кумагая қаласында тіркелген.

Жапонияның барлық өңірінде тамыз айында күн өте ыстық болып отыр. Қазіргі уақытта Токиодағы температура 35 градусқа жетті. Жапонияның жергілікті билік өкілдері тұрғындарды күн тиюден сақтануға шақырады.

Былтыр ыстық өтіп кеткен 70 мыңнан аса адам ауруханаға жатқызылып, олардың 126-ы қайтыс болған.