Жапонияда жүргізушісі жоқ жүрдек пойыз сынақтан өтті

0
677

12 вагоннан тұратын Е7 сериялы пойыз 17 қараша күні таңертең 5 шақырымдық учаскеде іске қосылды.


Жапонияда жүргізушісі жоқ жүрдек пойыз сынақтан өтті

ERNUR.KZ. Жапондық East Japan Railway компаниясы ұшқышсыз жүрдек пойыздың алғашқы сынақтарын өткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

12 вагоннан тұратын Е7 сериялы пойыз 17 қараша күні таңертең 5 шақырымдық учаскеде іске қосылды. Кабинада күтпеген жағдайлар туындай қалса деген оймен машинист болған. Ол басқаруды автоматты режимге ауыстырғаннан кейін, пойыз адамның араласуынсыз сәтті жүрді. Сынақ барысында құрам сағатына 110 шақырым жылдамдыққа жақындады.

Пойыз аялдаманың есептік орнынан 8 сантиметр қашықтықта тоқтады. Алайда мамандар рұқсат етілген қателік 50 сантиметр екенін атап өтті.

Компания болашақта жұмыс күшінің жетіспеушілігі аясында жүргізушілерсіз жүрдек пойыздарды іске қосуды жоспарлап отырғанын атап өтті.