Ірі компаниялар Тегерандағы қызметкерлеріне бейсенбіде Иран аумағынан шығуға бұйрық берді.
ERNUR.KZ. Жапониялық компаниялар қауіпсіздік мақсатында өз қызметкерлерін Ираннан қайтарып жатыр, деп жазады baq.kz.
MUFG Bank, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, Mizuho Bank - Жапонияның үш ірі банкі. Бұл компаниялар Тегерандағы қызметкерлеріне бейсенбіде Иран аумағынан шығуға бұйрық берді. Сонымен қатар, банктер Иранға іссапарларды тоқтатты.
Toyota Tsusho Corporation сауда компаниясы да осындай шешім шығарды. Аталған компания өзінің үш қызметкерін елге қайтарды. Бірақ әзірге Тегерандағы кеңсесінде жергілікті персоналдан құралған 12 адам жұмыс істеп жатыр.