Желіде Қырғызстан милициясы қызметкерінің жалаңаяқ тұрған суреті тарады

0
315

Қырғызстанда жойқын сел салдарынан төрт адам із-түссіз жоғалып кетті.


Желіде Қырғызстан милициясы қызметкерінің жалаңаяқ тұрған суреті тарады

ERNUR.KZ. Қырғызстан сегментінің әлеуметтік желілерінде милиция қызметкерінің кішкентай баланы көтеріп тұрған суреті тарады. Суреттің нақты қай жерде түсірілгені белгісіз, бірақ Оштағы су тасқынынан кейін түсірілген, деп жазады tengrinews.kz.

Милиционер қауіпсіздік мақсатында аяқ киімін шешіп қойған болуы мүмкін: аяқ киім лай болған тастарда тайғақ болып, құлап кету қаупін арттырады. Аяқ киім балшыққа батып та қалуы мүмкін. Жалаң аяқ жүру тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, деп жазады басылым.

Еске салайық, Қырғызстанда жойқын сел салдарынан төрт адам із-түссіз жоғалып кетті. Табиғи апаттың салдарын жоюға милиция мен әскерилер тартылды.

30 маусымда Қырғызстанның Ноокат ауданында жойқын сел жүрді. Сол кезде төрт қазақстандық бала қаза тапты.