Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

0
598

Ердоған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардың бірі Хатайға барды.


Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы адам өліміне әкелген жер сілкінісінен кейін Түркияға 60-тан астам мемлекет көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Ердоған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардың бірі Хатайға барды.

"Біз тарихымыздағы ең ірі жер сілкіністерінің бірін бастап өткердік. Өкінішке орай, Хатай - бұл апаттан ең көп зардап шеккен және ең көп қираған және адам шығыны көп болған қалалардың бірі", - деді Түркия басшысы.

Ол 60-тан аса елдің түрлі көмек көрсетіп, осы қиын күндерде Түркияға қолдау көрсеткенін атап өтті. Ол бірінші болып жауап беріп, көмекке асыққан Әзербайжан, Израиль, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт елдеріне алғыс айтты.