Секундына тоғыз шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан астероид Хеопс пирамидасынан да үлкен
фото:Тengrinews.kz
ERNUR.KZ. Жерге диаметрі Хеопс пирамидасының биіктігінен асатын астероид жақындап келеді. Бұл туралы NASA мәліметтерінде айтылады, деп жазады Тengrinews.kz.
2016 NF23 астероидын агенттік "қауіпті болуы мүмкін" деп санап отыр, себебі ол Жерден 0,05 астрономиялық бірлікте (7,5 миллион шақырым) ұшыр өтеді. NASA бағалауынша, астероид көлемі 70-тен 160 метрге дейін.
Ғалымдардың мәліметінше, астероид секундына тоғыз шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатыр және 29 тамызда Жерге барынша жақындайды. Мұның алдында NASA ғалымдары алдағы жүз жылда Жерге қандай да бір белгілі астероид соғылмайды деп сендірген.