Жоғалып кеткен мультимиллионер мен оның қызының денесі суға батқан яхта ішінен табылды

0
235

Оқыс оқиға 2024 жылдың 19 тамызында болды.


Жоғалып кеткен мультимиллионер мен оның қызының денесі суға батқан яхта ішінен табылды

ERNUR.KZ. Жоғалып кеткен британдық кәсіпкер Майкл Линч пен оның қызы Ханнаның денесі Италия жағалауында батып кеткен яхтаның ішінен табылды, деп жазады zakon.kz.

The Telegraph-тың хабарлауынша, "Британдық Билл Гейтс" деп атап кеткен Autonomy бағдарламалық шешімдерді әзірлеу компаниясының негізін қалаушы-кәсіпкер дауыл кезінде Сицилия маңында Bayesian кемесі апатқа ұшырағаннан кейін жоғалғандар қатарына жатқызылған.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 19 тамызында болды.

"Батып кеткен яхта бөлшектері арасынан табылған екі адамның денесі Майк Линч пен оның қызы Ханнаға тиесілі екендігі расталды", деп жазды басылым.

Яхтаның ішінен тағы екі мәйіт табылды.



Дауыл кезінде апатқа ұшыраған 50 метрлік кеменің бортында 22 адам болғаны белгілі. Олардың көпшілігі - британдық азаматтар. Кеме апатының ықтимал себебі - күтпеген жерден орын алған торнадо.

2024 жылдың 7 тамызында Неаполь жағалауында екі миллиардердің яхтасы соқтығысқан еді. Бұл құны 120 миллион доллар болатын Стив Джобстың жесірінің және құны 125 миллион доллар болатын мексикалық Рикардо Салинас Плиегоның яхталары еді. Құрбандар болған жоқ.