Жоғалып кеткен студенттердің ата-аналары биліктен ақпарат жариялауды талап етті

0
825

Педагогикалық колледждің студенттері қала билігіне қарсы наразылық акциясына бара жатқан жолда полицияға ұсталаған.


Жоғалып кеткен студенттердің ата-аналары биліктен ақпарат жариялауды талап етті

ERNUR.KZ. Мексикада 5 жыл бұрын жоғалып студенттердің ата-аналары үкіметтен осы іске қатысты тергеу деректерін жариялауды талап етті, деп жазады 24.kz.

Олар жергілікті билікпен байланыстың жоқтығын айтып, БАҚ өкілдеріне наразылықтарын білдірді. Бұған қоса, жылдар бойы баласын іздеумен жүрген ата-аналар тергеу тобының жұмысынан еш нәтиже жоқ деп налиды.

Еске салсақ, 2014 жылы қыркүйекте педагогикалық колледждің 43 студенті Игуала қаласы билігіне қарсы наразылық акциясына бара жатқан жолда қалалық полиция қызметкерлеріне ұсталды. Осыдан кейін бір топ жас ізім-қайым жоқ болған.

Олардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қазіргі нұсқа бойынша тәртіп сақшылары студенттерді «Гереррос Унидос» атты қылмыстық топқа өткізіп жіберген болуы мүмкін.