Жүзден аса пәннен сабақ береді: Ер адам 30 жылда 145 диплом алған

0
1 302

Әйелі – банк қызметкері. Оның 9 ғылыми атағы бар.


Жүзден аса пәннен сабақ береді: Ер адам 30 жылда 145 диплом алған

ERNUR.KZ. Үндістанда тұратын профессор Партибан соңғы 30 жылда 145 диплом алған. Ол мұнымен шектелмек емес. Партибан түрлі сала бойынша білім алып, атаққа ие болған. Ол Ченнай қаласындағы түрлі колледжде 100-ден аса пәннен сабақ береді. Ер адам құқық, коммерция, өнер, бизнес және басқа да салаларда магистр атанған, деп жазады Stan.kz.

50 жастағы профессор үнемі жаңа нәрсені меңгеріп, білуге құмартып тұратынын айтады. Ол колледжде алғашқы ғылыми атағына қол жеткізгенде, өзінің берекесіз болғанын атап өтті. Емтиханға дайындалып жатқан кезде басқа пәндерді қатар меңгеріп, ойы бөлініп, ақыры сынақтан өте алмаған екен. Оны университетте оқытылатын пәдер мен ғылым салалары қызықтырған. Сондықтан Партибан университетке қайтып келіп, екінші ғылыми атағын алады. Артынша үшіншісін. Содан соң тағы 142-сін.

Партибан көбіне бірнеше курсты қатар оқиды.

«Соңғы 30 жылда үнемі емтиханға дайындалып, жаңа диплом алумен жүремін. Әр жексенбі сайын емтихан тапсырамын немесе зерттеу жұмысын жазамын», - дейді ол.

Алайда мұның теріс жағы да бар. Партибан адамдардың түрін және жолды жаттай алмайды. Ол күнде бір бағыт бойынша жүрсе де, айналасындағылардан жол сұрауға мәжбүр.

«Мен санамды өзіме қажетсіз заттармен толтырмаймын», - дейді Партибан.

Сондай-ақ, түрлі колледжде 100-ден аса пәннен сабақ беру де оңайға соқпайды. Кейде профессор аудиторияға барып, нені үйретуі керек екенін ұмытып қалатын көрінеді.

«Алайда студенттерім ешқашан шағымданған емес», - дейді ол.

Партибанның әйелі – банк қызметкері. Оның 9 ғылыми атағы бар.