Жылқы шаруашылығы бойынша жоғары оқу орны ашылмақ

0
1 645

Мұндай шешімді ел президенті 3 желтоқсанда өткен үкімет мүшелері мен аймақ басшылары отырысында қабылдаған.


Жылқы шаруашылығы бойынша жоғары оқу орны ашылмақ

ERNUR.KZ. Түркіменстан жылқы шаруашылығы мамандарын даярлайтын арнайы жоғары оқу орнын және ғылыми-өндіріс орталығын ашқпақ. Мұндай шешімді ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 3 желтоқсанда өткен үкімет мүшелері мен аймақ басшылары отырысында қабылдаған, деп жазады centralasian.org.

Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, жоғары оқу орындарына білікті оқытушылар дайындайтын ғылыми-өндіріс орталығы Ахал уәлаятында құрылады.

Президент "селекциялық-генетикалық жұмыстарды" түбегейлі өзгертуді тапсырып, Түркіменстан жылқы шаруашылығын және ат спортын елде ғана емес, бүкіләлемдік деңгейде дамытады деп мәлімдеген.

Ақалтеке арғымақтары Түркіменстанның ұлттық игілігі болып есептеледі. Елдегі жылқы шаруашылығын президенттің өзі бақылауға алған. Былтыр Түркіменстан билігі тазақанды ақалтеке тұқымының каталогын жасап, оны ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кіргізу ниеті бар екенін жеткізген.

Биыл Түркіменстан арғымағы күні ұлттық мереке мәртебесін алды.