Далада кір жаю өте қауіпті – эколог

0
2 757

Далада кептірілген кірге шаң, ауыр металдар, күйе, тежегіш қалыптары мен шиналардың тозуынан шығатын тозаң жұғады.


Далада кір жаю өте қауіпті – эколог

ERNUR.KZ. Эколог Антон Ятребцев балконда кептірілген кірдің қаншалықты зиянды екенін айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Бүгінде кір жуғаннан кейін оны жабық жерде емес, таза ауада кептіру керек деген түсінік бар. Мысалы, далада кептірілген төсек орын жабдығынан жағымды иіс шығады, ұйықтауға да жақсы.

"Тіршілік кеңістігінің экологиясы" зертханасының директоры Антон Ястребцевтің ойынша, бұл пікірмен толығымен келісуге болмайды. Адам далада кептірілген төсек орында рақаттанып ұйықтайды. Бірақ таза ауамен бірге оған сан алуан химиялық элементтер де сіңеді.
"Қалада кірді балконда кептіру жақсы идея емес. Себебі біздің пәтерлеріміз көп жағдайда жолға қарайды немесе көлік көп жүретін жолдардың жанында орналасқан. Ал дымқыл киім-кешекті балконға іліп қойса, ол фильтр сияқты жұмыс істейді. Оған сан алуан заттар жұғады. Қалада ондай заттар көп. Шаң-тозаң, ауыр металдар, күйе, тежегіш қалыптары мен шиналардың тозуынан шығатын шаң және тағысын тағы. Бұның барлығы - канцерогендер", - дейді Ястребцев.

Экологтың айтуынша, адам далада кептірілген ондай төсек орында көп жата берсе, өкпенің жұмысы нашарлайды, тіпті, ісік пайда болуы мүмкін.

"Біз күніне сегіз сағат ұйықтаймыз. Осы уақытта басымызды жастыққа қойып, төсекте жатамыз да, даладан келген шаңның бәрі ауамен бірге ішімізге кіреді. Ауыр металдар ағзамызға түседі. Одан кейін барлығы адамның иммунитетіне байланысты. Әрине, адам бірден ауырып қалмайды. Дегенмен, денсаулыққа салмақ түседі. Бұл – жағымсыз фактор", - деп түсіндірді Ястребцев.


Оның сөзіне қарағанда, үй экологиялық таза аймақта немесе соған жақын жерде тұрса, кірді балконда кептіруге болады. Сосын аулада жасыл желек көп болса, далада кептірілген кірдің қаупі аз. Ең бастысы, үй автомагистральден алыс тұруы қажет.