“Картада артық ақша болмағаны дұрыс”. Банк картасын алаяқтардан қалай қорғау керек?

0
2 812

Тауарды интернет арқылы сатып алғанда нені ескеру керек? Картада артық ақша ұстау қауіпті ме? 3D Secure картадағы ақшаның сақталуына кепіл бола ма?


“Картада артық ақша болмағаны дұрыс”. Банк картасын алаяқтардан қалай қорғау керек?

ERNUR.KZ. Қаржыгер Күнекей Нұрлан банк картасын алаяқтардан қалай қорғауға болатынын айтып берді, деп жазады baribar.kz.

  1. Әр адамда онлайн төлем үшін арнайы карта болғаны дұрыс. Тауарды интернет арқылы сатып алғанда қауіпсіздік үшін онлайн төлеу мүмкіндігі бар басқа қартаны қолданыңыз. Картаға керек соманы төлем жасауға 5 минут қалғанда салыңыз да, интернет арқылы сауда жасауға келісіміңізді беріңіз. Бірақ картада артық ақша болмағаны дұрыс.
Картаны интернет төлемдерге жабық ұстаңыз. Оның нөмірін интернетке жазудың қажеті жоқ. Себебі дәл сол сайтты біреу бұзып алса, картаңыздағы ақшаға қол сұғуы мүмкін.

2. 3D Secure коды бар банктердің картасын пайдаланыңыз. Бұл картаңызды сенімді қорғайды.

3D Secure – онлайн кредиттік және дебеттік картаның түпнұсқасын растау үшін қосымша қауіпсіздік ретінде пайдаланылатын XML хаттама. Бірақ ол қаражаттың сақталуына кепілдік бермейді.

3. Картада артық ақша ұстамаңыз. Қазір көп банктың мобайл қосымшасы бар. Сол арқылы күн сайын ақшаны аударып отыруға болады. Ақшаны депозитке салып қойыңыз. Мобайл қосымша арқылы керек кезде картаға аударып отырыңыз. Бұл тәсіл алаяққа ұрынған жағдайда қаражатыңыздан айырылу қаупін азайтады.

4. Ресторанда, дүкенде төлем жасағанда картадағы мәліметті ешкімге көрсетпеңіз. Әсіресе, картаның артындағы үш саннан тұратын нөмірді ешкім білмеуі керек.

Ең тиімді тәсіл – үш саннан тұратын кодты (CVV/СVS) жаттап алып, оны картадан өшіру. Бұл тәсіл картаға кесірін тигізбейді. Орнын фломастермен бояп қоюға болады. Даяшының немесе касса қызметкерінің картаңызды өзімен бірге алып кетуіне жол бермеңіз. Төлемді көз алдыңызда жасауды талап етіңіз.

5. Ақша алатын кезде банк ғимаратында орналасқан банкоматқа барыңыз.