​Өтірікті сата аласыз ба?

0
1 474

Байқағаным, қазір базардағының бәрі саудаға өтірік қосып сататын болыпты. Сатып алған затыңның не салмағы не пішіні кем шығады. Сонда деймін-ау, бұл қоғамның санасына ұрлық сіңіп кеткен екен. Төбесіне сарып жатса да "қыңқ" етпейтінін енді түсінгендей болдым. Оның төбесіне біреу сарып кетсе, ештеңесі жоқ. Сәлден соң бұл да шамасы жетсе өзге біреудің төбесіне, қулығы жетсе қалтасына нетеді...Көпшілік осылай өмір сүруге дағдыланып алыпты.


​Өтірікті сата аласыз ба?

фото: yandex.kz

Қарап жатпай, жазда үйдің айналасында құрылыс бастадым. Қойма, гараж деген сияқты. Соған қажетті құрылыс метариалдарын іздеп біраз жерді шарлап та шықтым. Байқағаным, қазір базардағының бәрі саудаға өтірік қосып сататын болыпты. Сатып алған затыңның не салмағы не пішіні кем шығады. Сонда деймін-ау, бұл қоғамның санасына ұрлық сіңіп кеткен екен. Төбесіне сарып жатса да "қыңқ" етпейтінін енді түсінгендей болдым. Оның төбесіне біреу сарып кетсе, ештеңесі жоқ. Сәлден соң бұл да шамасы жетсе өзге біреудің төбесіне, қулығы жетсе қалтасына нетеді...Көпшілік осылай өмір сүруге дағдыланып алыпты.

"Қазығұрт" ықшамауданындағы "Жібек жолы" базарына бардым. Бір жерден картоп алайын деп таразыға тартқызсам, сатушы беті бүлк етпей "46 келі болды" дейді. Қаптың пішініне қарап, күдіктендім. бір қолыммен көтеріп көрсем, анау көп болса 35 келі шығады. Ол да шықса. Екінші бір жерге барып, сатып алдым. Көлікке тиеп, отырайын деп тұрғанда қасымдағы әйелім келіп "анау саудагер, таразының астынан шығып тұрған жіпке байланған ағашты бір аяғымен тартып тұрды ғой. байқадың ба?" дейді. "Қойшш" деп барып әлгі таразыға қарасам , шынымен, астынан жіп шығарылыпты да, бір ұшына жалпақтау ағаш байланған. жердегі бес елі шаңда бірден байқалмайды да. Сауда сақал сипасқанша деген бар ғой. Сауда біткесін ұрсуға ұялдым да: "Е, Құдай көріп тұр ғой" деп көлігіме міне беріп ем, әлгі саудагер "ағай, міне ақшаңыз... ананы түсіріп ала салайыншы" деп ақшамды қайта беріп тұр....
Бірін-бірі алдаған адам... Айтпақшы, жайшылықта есікті қағып тұратын газды тексеретін келіншек соңғы бірнеше айда келмей кетіп еді. Сөйтсем, оның ақыры газдың қымбаттауы екен. Сөйтіп бұрынғы айларда да жаққан табиғи газ үшін жаңа тарифпен бір-ақ жинап алады. Міне, монополистердің баю жолының бір түрі...

Қоғамның санасы оянбаса қиын... Рухани жаңғыруды осылардан бастау керек.

Б.Мәуленов.