Ішімдік пен темекі сатпаса да саудасы тоқтамайтын дүкен бар

0
4 341

Кез келген жердегі дүкендерге бас сұққанда ең алдымен касса жанында жалтырап түрлі-түсті қораптағы темекіге көзіміз түссе, одан қала берді сан алуан сыралар мен арақ-шараптардың түрлері сөре үстінде тізіліп «менсіз саған сауда жоқ» дегендей бірінің үстіне бірі мінгесіп толып тұрады. Оған сатушылардың да, келушілердің де көзі әбден үйреніп қалған. Десе де, біз өз тарапымыздан оған қарсылық білдіріп қаладағы тек қана халал өнімдер сататын дүркендер мен орталықтарды іздей бастадық.


Ішімдік пен темекі сатпаса да саудасы тоқтамайтын дүкен бар

Осы біз адамдар ішіп жүрген асымыздың адалдығына қаншалықты мән береміз? Ол тағамдар қайдан, қандай жолмен келіп жатқанын көбіміз біле бермейміз. Кез келген жердегі дүкендерге бас сұққанда ең алдымен касса жанында жалтырап түрлі-түсті қораптағы темекіге көзіміз түссе, одан қала берді сан алуан сыралар мен арақ-шараптардың түрлері сөре үстінде тізіліп «менсіз саған сауда жоқ» дегендей бірінің үстіне бірі мінгесіп толып тұрады. Оған сатушылардың да, келушілердің де көзі әбден үйреніп қалған. Десе де, біз өз тарапымыздан оған қарсылық білдіріп қаладағы тек қана халал өнімдер сататын дүркендер мен орталықтарды іздей бастадық. Бастапқыда ондай дүкендерді табу қиынға соқты. Көп саудагердердің айтуынша, халықтың сұранысына сай жұмыс жасайды. Қазір қай жерде болмасын ішімдік пен темекінің түр-түрін сатады. Оларды іздеп келіп сұрайтындардың саны артпаса кеміген емес. Сауданың ¼-і осы өнімдер құрайды.

Саудагерлердің сөзіне мән берместен қала орталығындағы өздерін «халал өнім сатушысы» санайтын сауда орталығына да барып көрген едік, бастығының қолындағы темекісін көріп теріс айналдық. Ол кісінің айтуы бойынша темекінің түк зияны жоқ. «Қазір жас-кәрінің бәрі де темекі тартады, онда тұрған не бар екен. Мен өз тарапымнан арақ-шарапқа тиым салғанмын, оларды мүлде дүкенге кіргізбеймін да, бірақ темекіге тоқтау қоя алмаймын», дейді ағамыз.

Шымкент қаласындағы дүкендерді шарлай келе, іздегенімізді «Ақжайық» елді мекеніндегі азық-түлік дүкенінен таптық. Онда ешқандай ішімдік пен темекі өнімдері сатылмайды. Бәрі де талапқа сай халал өнімдер. Бұның сырын білмек болып дүкен иесін сөзге тартпақ болған едік, алайда қожайынның келушілерден қолы босай қоймады. Ешқандай арақ-шарап, шылымсыз саудасы жақсы жүріп жатқанына көзіміз әбден жетті. Кішігірім дүкенде тұрмысқа қажеттінің бәрін кездестіруге болады. Дүкен иесі де келушілерін жылы жүзбен қарсы алып, барынша жағдайын жасап қойған.

Қандай керемет, сөрелерде тек қана сапалы өнімдер сатылса, кез келген тұтынушы қалағанын қорықпай ала алатын болса. Бір ғана «Ақжайық» дүкені Қазақстандағы бүкіл сатушылырға сабақ болса. Ешқандай арақ-шарап пен шылымдар сатылмаса, онда келушілерден сұраныс та болмайды, оның орнын халал өнімдермен толтырса дүкендегі сауда барынша дөңгелемесе, тоқтай қоймас.

Есігімізден еніп келе жатқан Рамазан айында қаншама адамға адалынан ас ұсынып, халалдан сауда жасап, халық көңілінен шықса, сансыз сауапқа кенелетіні анық. Сондықтан да, түкке тұрғысыз темекі мен арақты дүкен сөрелерінен алып тастап, тек қана сапалы әрі пайдалы өнімдерді қалдырса, қарапайым халық та өз таңдауын дұрыс жасайтын еді.

Тұрып жатқан елді мекеніңізде көпке үлгі боларлық дүкен болса, айта жүрсеңіздер нұр үстіне нұр.

Назерке Бимахан, ERNUR.KZ