Шымкент: табиғи газ жүйесіне қатысты мәселеде қайда хабарласу керек?

0
2 620

Мұндай жағдайда алдымен газ қызметінің түбіртегіне қараңыз.


Шымкент: табиғи газ жүйесіне қатысты мәселеде қайда хабарласу керек?

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы аумағында табиғи газ жүйесіне қатысты қандай да бір мәселе туындағанда қайда хабарласу керек?

Бірден 104 жедел желі байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз. Бұл - төтенше жағдайлар қызметі. Ондағы мамандар сізге газдың өшірілу себебін түсіндіреді. Егер газдың өткір иісін сезінсеңіз, мамандар жедел әрекет етіп, жүйені дереу бұғаттап тастауы мүмкін. Ал газ қызметін қайта іске қосу аталмыш сала мамандарының міндетіне жатпайды.

Мұндай жағдайда алдымен газ қызметінің түбіртегіне қараңыз. Онда сізбен келісім-шарт жасасқан компанияның нөмірі көрсетілген. Егер сіз бұл шартты әлі жасамаған болсаңыз, бұл істі жедел қолға алғаныңыз жөн. Себебі, табиғи газбен қамтып отырған мекемелер техникалық қызмет көрсетуге міндетті емес. Бұл ретте, техникалық жабдықтау қызметін көрсететін қала аумағындағы барлық мекемелердің нөмірлерін ұсынамыз:



  • «Алау Газ Аймақ» ЖШС: 8 (775) 795 08 02;
  • «Алау Газ құрылыс NNK» ЖШС: 97-51-48, 8 (705) 128 48 12, 8 (778) 941 65 81;
  • «Қауіпсіз газ» ЖШС: 97-53-71, 8 (777) 941 65 81;
  • «Шаңырақ газ монтаж сервисі» ЖШС: 8 (702) 750 34 09;
  • «Омега-21» ЖШС: 8 (778) 260 88 88, 8 (778) 976 04 04, 44-95-65;
  • «Орынбасар Сұлтан» ЖШС: 8 (701) 443 27 34;
  • «Сенім-MM Сервис» ЖШС: 8 (771) 390 79 12;
  • «Зенит ТВК» ЖШС: 48-90-09.

Ал егер де дербес жеке тұтынушылардың қызметін және газ құбырларын техникалық жабдықтау қажет болса ше? Мұндай жағдайда:


  • ЖК «Әбенов»: 8 (701) 740 74 74;
  • «Зенит ТВК» ЖШС: 8 (702) 887-88-58;
  • «ИОА» АҚ-ның «Шымкент» ӨМГ қызмет көрсету қызметі: 8 (701) 761 04 32;
  • «ЭЛКОМ Technology» ЖШС: 8 (702) 939 83 99, 8 (707) 131 00 08;
  • ЖК «Еркебұлан» 8 (775) 188 48 88;
  • «Шаңырақ газ монтаж сервисі» ЖШС: 8 (702) 750 34 09.
Ал тұтынылған газдың есебі дұрыс шықпай жатса, қайтпек керек? Онда сіз қолыңызға түбіртекті алып, көрсетілген байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз.



Сонымен қатар, WhatsApp арқылы есептегіш құралының қазіргі көрсеткішін суретке түсіріңіз. Және оны 8 (777) 727 77 21 қабылдау нөміріне жіберіңіз.
Немесе, қоңырау қабылдау орталығының 92-11-77 және 58-48-68 нөмірлері арқылы мамандармен байланыссаңыз болады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасы