Талапкердің 10 қорқынышы

0
2 013

ҰБТ тапсырғанда өзіңді болмайтын сенімсіз ойлармен мазалама.


Талапкердің 10 қорқынышы

Иә, талапкердің қорқыныштары жайында сөз қозғаймыз. Егер ҰБТ тапсыратындардың қатарында болсаңыз, мархабат, оқыңыз

1. Қорқасың: Атан-анамның үмітін ақтай алмай қаламын деп...

Ата-анаң сені дүниеге әкелумен бірге саған деген махаббат пен ыстық сезімді де алып келді. Қандай жағдай болмаса да, олар сені қолдау мен қорғаудан еш артта тұрмайды. Үмітін ақтап бітіре алмайтыныңа қарағанда, жәннәт кілті анаңның аяғы астында дегендей, олардың үмітін ақтауға тырысқаныңның өзі олар үшін бақыт. Қолдан келерін жасайсың, нәтижені Жаратушы береді.
2. Ұяласың: Ата-анамның беделі туыстар мен жақын адамдар алдына түседі деп...
Ата-ана беделі деген мәселе өте жіңішке мәселе. Алдымен, ата-анаң үшін емес, өзің үшін оқитыныңды біл. Екіншіден, адам баласын барлығына жағу мүмкін емес. Оны ғасырлар дәлелдейді. Сол үшін, халықтың ойы сені қатты мазаламасын. Ал, болашақта үлкен адам болғаның тек ата-анаңа аброй, болмағаның ата-анаңа соры. Сол үшін кімнің ойы сен үшін маңызды екенін шешіп ал. Ата-анаң секілді шынайы сен үшін қуанып, қайғыратын екінші бір адам таппайсың.
3. Көзің жасқа толып: Өзіңе берген сөздердің, сені мақтан тұтқан ұстаздар көздерін ұмыта алмайсың...
Шын жүректен саған сенген адамдардың, сені мақтан тұтқан жақын адамдардың үмітін ақтау сезімі қалыпты жағдай. Оған тырысу сенің адал, әрі сол сөздерге лайық екеніңді білдіреді. Алайда, ұмытпа, әр адамның қателесуге құқығы бар. Биік тауға шығып бара жатқан адамның сол жолда құлап қалуы қалыпты жағдай секілді, сенің де жолың өте үлкен екенін түсін. Өзіңді болмайтын сенімсіз ойлармен мазалама. Роза гүлін мақсат еткен адам, оның сабағындағы тікендеріне де көнеді. Не болса да, сенің сол жолда тырысып, тырмысып көрсеткен талпынысың, қалғанның барлығы бос әңгіме.
4. Армандайсың: Бір ғажайып болып, армандаған оқу орнына түссем екен деп...
Армандаған оқу орны. Көз тастап алысқа қарау — өте пайдалы нәрсе. Адам армандай алмаса да қиын. Жануардан да айырмашылығымыз сол емес пе? Мақсатыңды аспанда ұшып жүрген аспан денелеріне қой, мүмкін арманыңды таудың шыңынан табасың. Мақсатты дұрыс қоя білу де өнер, оны естен шығарма. Алайда, мақсатыңды тау ортасынан тапсаң, қайғырма, әрқашан дұрыс жағын түсінуды тырыс. Өмірдің жүгі көтереалмайтындай берілмейді.
5. Күмәнданасың: ҰБТ-дан аз жинап қалсам ше, деп...
Біздің болашақ туралы ойланып, толғанып, уайымдап, қайғырғанымыздың 80% соңында болмайтын оқиғалар болып шағатынын атақта Англияның темір лейди атты примьер-министрі Маргарет Тетчер дәледеп кеткен. Болашақты болжай алмағандықтан, ол турады қайғырғанның пайдасы жоқ десек те, талапкерге оны түсініп, жүрекпен түсіну өте қиын келеді. Сөзбен айту оңай, жасай қиын секілді. Сол үшін, талапкерге айтарым, жай ғана өзіңді қолға алып, сабырлы болуға тырысқаның сені сақтайды болмайтын жан азаптарынан. (басымнан өткен) Мидің қасиеті суға өте қатты ұқсайды. Тура берсе су сасиды, дамымаса ми сасиды деп тегін айтпаса керек. Болашақ туралы уайымдылықтан арылу үшін миыңды басқа да пайдалы нәрселермен шұғылдандыр, ол өзіне пайдасыз іс таппай тұрып.
6. Күтесің: Бір ғажайып аяқ астынан болып қалады деп...
Адам баласының аяқ астынан бір ғажайыптың болуын күтуі де қалыпты жағдай. Ол сезім — жүректе Жаратушыға, аяқ астынан қиын жағдайда көмек келетіндігіне сенетініне басты себеп. Кқмектің келетініне сенуді тоқтатпа. Себебі, қиыншылықтардан алып шығар, кейін үлкен өмірде де керек болар ең үлкен қаруың сол. Надежда умирает последней деп орыс халқы бекер айтпайды.
7. Ренжисің: Ренжисің өзіңе — басыма дым кірмейді деп...
Әрине, соңғы сәт келгенде адам баласы бірден оқып, жаттап кете алмайды. Уақыттың тарлығы да белгілі бір вакуум құрып, жас талапкердің миын қыса бастайды. Реніштің басты себебі, «мен істей алмаймын» болып, адам терең сенімсідік депрессиясына түседі. Нақтырақ айтқанда түсу ықтималы өте көп. Мұндай жағдайда өзіңнің жеңісті кездеріңді еске алып, өз бағаңды көтерген жөн. Мүмкіндігінше жалғыз қалмауға тырысу — ата-анамен болашақ туралы позитивті жоспарлар айтып, достармен бірге шығып, спортпен шұғылданып миді тынықтыру, басқа жаққа аудару қажет.
8. Сезесің: Уақыттың өте қарқынды жылдамдықпен өтіп бара жатқанын, сонымен алда болар жайт сені көңілсіз қалдыратын секілді болып тұрады...
Уақыттың жылдам өтуі сені мазаламасын, талапкер досым! Өйткені, өмір ары қарай одан да тез өтеді. Бұл өмір заңы. Сол үшін алдын ала одан қорқудың мағынасы жоқ. Ал, нәтиже маселесін түсіндірдік. Яғни, сен қолыңнан келетін максимумды жаса, ал қалғанына тәуекел ет. Бос қолға тәуекел ету, барлық жетістікті ата-анаңның біз саған сенеміз деген сөзіне қалдыру да дұрыс емес. Дайындықты да жаса, тәуекелді де ет. Нәтиже болса өзі келеді. Адам үшін ненің жақсы ненің жаман екені белісіз. Кейде жақсы дегеніміз — біз үшін пайдасыз, ал керек емес деп ойлағанымыз — қайырлы болуы әбден мүмкін.
9. Күтесің: Уақыт тез өтіп кетсінші деп...
Өзіңді өзің асықтырма. Уақытынан бұрын жеген көк алмаң сені тек әжетханаға жетелмесе, жақсы жерге апармайды. Ауруханаларды айтпағанда. Сол үшін, қолдан келгенше сбаыр ет, еткен сабырың сені болашақта болатын қиындықтарға шыдау қабілетін дамытады. Алда бізді не күтіп тұрғанын кім білсін. Сол үшін бұл кіші ұбт деген қиындықты бір баспалдақ біл. Баспалдақтар биікке көтерілуімізге көмектесетін себептер. Оларға қарап қиналмай, керсінше үстінен басып қолдану керек үлкен мақсаттарға жету үшін. Бұл сенің өмірге деген көз қарасыңды өзгертеді.
10. Білесін: Түбінде барлығы жақсылыққа апаратынын...

Жолдардың барлығы соңында жақсылыққа апарады. Маңыздысы қай жолмен кетіп бара жатқаныңды — білу. Өмірде болатын жағдайларды біз басақара алмаймыз, алайда біз сол жағдайларға деген өзіміздің сезіміміз бен талғауларымызды басқараламыз. Сондықтан, ұбт басыма бәле болды, емес оны қалай жақсы тапсырамын және ол үшін не жасауым керек деген ойларды ойлауларың абзал.

Автор: А. Талапбек