ТҰМАУҒА қарсы ВАКЦИНАНЫ кімдерге салдыруға болмайды?

0
3 593

Аса сирек, кез-келген вакцинациядағы сияқты аллергиялық реакция, миалгия, невралгия, парестезия, неврологиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.


ТҰМАУҒА қарсы ВАКЦИНАНЫ кімдерге салдыруға болмайды?

коллаж: ERNUR.KZ

ERNUR.KZ. Түркістан облысында қазан айының 1-нен бастап қараша айының ортасына дейін тұмауға қарсы вакцинациялау басталғанын хабарлаған болатынбыз. Осы орайда редакциямызға келіп түскен бірнеше сауалды Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасының бас маманы м.а.
Наушарман Боранбаеваға жолдаған едік.


Сұрақ: Тұмауға қарсы вакцинаны кімдерге салдыруға болмайды?

Жауап: Тұмауға қарсы вакцинаны көрсетілімі бойынша 6-12 ай аралығындағы балаларға, жабық мекеме контингентіне, қарттар үйінің өкілдеріне, жүкті әйелдер менбасқалар (созылмалы аурулары бар ересектер, балалар,65 және жоғарылар) егіледі.

Қалған адамдар медициналық орталықтарында вакцинаны ақылы түрде салдыра алады.

Сұрақ: Вакцинаның жанама әсері бар ма? Қандай?

Жауап: Енгізілген жерде сирек ауырсыну, ісіну және терінің қызаруы түріндегі реакциялар болуы мүмкін.

Өте сирек жекелеген тұлғаларда дімкәстану, бас ауыруы, температура жоғарылауы, жеңіл тұмаурату, тамақтың ауыруы түріндегі жалпы реакциялар болуы мүмкін. Аталған реакциялар әдетте 1-3 күннен кейін өздігінен басылады.

Аса сирек, кез-келген вакцинациядағы сияқты аллергиялық реакция, миалгия, невралгия, парестезия, неврологиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.


Қарсы көрсетілімдері:

- тауық жұмыртқасының ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакция;

- жедел қызба жағдайлары немесе созылмалы аурудың өршуі (вакцинацияны сауыққанннан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізеді).

- бұрын тұмау вакциналарын енгізуге аллергиялық реакциялары болған адамдар.


Сұрақ: Вакцина салдырғаннан соң оған тәуелділік болмай ма?

Жауап: Негізі вирустың әсеріне егуден өткен де, одан бас тартқан да түсе алады. Вакцина ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды. Бірақ вакцинаға тәуелділік болмайды.


Сұрақ: Бір рет салдырған соң тұрақты түрде жыл сайын салдырып тұру керек пе?
Жауап: Тұмаудың вирусы маусым сайын өзгеріп отыратындығын ескеру қажет. Демек, өткен жылы салынған вакцина сізді биыл мүлдем қорғай алмауы мүмкін. Сонымен қатар тұмаудың вакцинасы әсерін 3-4 ай ғана сақтайды.