Түркістан облысында 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

0
2 463

Тұмауға қарсы жүргізілетін жұмыстар мен мен басталған жаңа маусымның ерекшеліктері қандай?


Түркістан облысында 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

Бұл туралы бүгін, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен жиында егжей-тегжейлі айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл сайын 1 қазаннан бастап жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың эпидемиялық кезеңіне дайындық басталады.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген тұмаудың үш штаммы болады: A1, A3, сондай-ақ B. Еске сала кетсек, өткен эпимаусымда тұмаудың 3 вирусы: A1, A3, сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды, - деп атап өтті Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Наушарман Боранбаева.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаңарып отырады.
Тұмау – бұл инфекциялық вирусты ауру. Аурушаңдық науқас адамнан дені сау адамға ауа-тамшылы жолмен беріледі. Вирус сілекей мен шырыштын микробөлшектері арқылы жөтелгенде және түшкіргенде сыртқы ортаға таралады. Бұндай ауаны жұтқан кезде микробөлшектер мұрын-жұтқыншаққа қонып, ары қарай вирус жоғарғы тыныс жолдарының шырышты клеткаларында көбейеді.
Тұмауды жұқтырған уақыттан бастап клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімі бірнеше сағаттан бірнеше күннің арасында өтеді. Тұмаудың негізгі көріністері – жалпы әлсіздік, қатты бас ауру, көз алмасын қимылдатқан уақытта ауру сезімі, қалтырау, ауру ағымына қарай дене қызуының 38-40С көтерілуі, бұлшық ет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, тершендік, құрғақ жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады.
Тұмаудың белгілдері пайда болғаннан бастап, тез арада дәрігерге көріну керек. Үй жағдайында ем қабылдау қауіпті. Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияларға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.
Тұмау мен ауырмаудың жолдарын алдын ала ойлап, эпидемиялық кезең басталмай тұрып вакцинациялану керек. Былтырғы эпид кезеңде облыста тұмаудың алғашқы тіркелуі желтоқсан айының ортасында сәйкес келген. Сонымен қатар, тұмау аурушаңдығының көтерілуі қаңтар мен ақпан айларында байқалады.
Түркістан облысында қазан айынан бастап тұрғындардың 10%-ы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 201000 дозасы сатып алынды. Вакцина A1, A3 және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Бұл «Ваксигрип» және «Ваксигрип Тетра» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай), оларды арнайы алдын алу ретінде пайдалануға болады.
Түркістан облысында тұмауға қарсы егу 2018 жылдың 1 қазанынан қараша айының ортасына дейін тұрғылықты мекенжай бойынша орналасқан емханаларда тегін түрде келесі қауіп-қатер топтарына жүргізіледі: медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларға, алты айдан асқан көп ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларына, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларына,жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша және 01 желтоқсанға дейінжүктіліктің 2-3 триместіріндегі әйелдерге жүргізіледі.
Егер, Сіз, көрсетілген қауіп-қатер тобына кірмейтін болсаңыз, онда өз есебіңізден ақылы түрде егу жасауыңызға болады. Шымкент қаласында орналасқан мына медицина мекемелерінде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі:
«Центр амбулаторной хирургии, травматологии и гинекологии» (ЦАХТиГ) ШЖҚ МҚК,Шымкент қаласы, Иляев көшесі-51.
«ТОО Клиника Дау-Мед», Шымкент қаласы, Абай даңғылы-6.
«ТОО Медицинский центр Доктора Орынбаева», Шымкент қаласы, Алдияров көшесі-60Г.