Көлік доңғалағы дискілерінің реңі уақыт өте келе тоза бастайды. Неше түрлі сызаттар түседі, сынықтар пайда болады. Ал оны қалпына келтіру үшін көптеген жүргізушілер «ұнтақтпен бояу» қызметін пайдаланады.
ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Ұнтақ ретіндегі бояудың кәдімгі сұйық бояудан бірқатар артықшылықтары бар. Ол үшін алдымен дискіге жабысқақ ұнтақты бояуды жұқалап жағып, жоғары температураға жөнелтіледі. Ал ұнтақтар ыстықтың арқасында бояуға айналады. Салқындағаннан кейін қатып қалады.
Дегенмен бұл әдістің де тиімді, тиімсіз тұстары бар. Алдымен артықшылықтарына тоқталайық:
● Бояудың құрамында зиянды заттар жоқ болғандықтан, қоршаған ортаға теріс әсер етпейді.
● Үнемділік. Бір дискіні бояу үшін аз ғана ұнтақ жеткілікті және жерге төгілген, артылып қалған бояу үшін ақша төлемейсіз. Сондай-ақ, мұндай бояу ұзақ уақытқа шыдайды. Демек, ұзақ уақыт бойы дөңгелек дискілерінің бояуы туралы ұмытуға болады.
● Ұнтақты бояудың коррозиядан, температура мен агрессивті химиялық заттардан қорғанатын қасиеті бар.
● Орындау техникасы қарапайым және аз мөлшердегі материал қолданылады. Сондай-ақ, жұмыс барысындағы барлық процесс автоматтандырылған.
● Мамандар жүргізушілерге өте көп түс ұсынады, шертіп жүріп таңдайсыз. Тіпті дискіге бедерлеп жазуға да тапсырыс бере аласыз.
● Әдеттегі майлы бояуларды бірнеше қабат етіп жағу қажет болса, ұнтақты боуяды бір қабат етіп жағу жеткілікті. Сапасы да жоғары.
● Бояу құрғағанша ұзақ күтудің қажеті жоқ. Әдетте ұнтақпен бояу процесі жарты сағатта аяқталады.
Енді кемшіліктеріне келсек:
● Талғамыңыздағы түске бояту үшін екі немесе одан да көп түсті бояуларды араластыруға болмайды.
● Доңғалақ дискілерін ұнтақпен бояуды үйде орындауға болмайды. Ол үшін арнайы жабдықталған орталық қажет.
● Егер бояу жағу кезінде қандай да бір қателік кетсе, сол жерін ғана түзете алмайды. Яғни, толықтай қайта бояуға тура келеді.
Қазіргі таңда дискілерді ұнтақпен бояу ең сенімді жол және мол сұранысқа ие.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз: