​Күн сәулесі автокөлікке қалай әсер етеді?

0
2 172

Орташа есеппен, жыл сайын 37 американдық бала автомобильдегі салғырттық салдарынан гипертермиядан өледі. +40 градустан асып кеткен дене қызуының қайта қалпына келуі өте қиын.


​Күн сәулесі автокөлікке қалай әсер етеді?

Температура 71,1 градусқа жеткенде көп құбылыстар болады: ондай ыстыққа жұмыртқа пісіруге болады, сальмонелла бактериялары өледі, адамның терісі үшінші дәрежелі күйік шалады. Көліктің ішіндегі температура 71,1 градусқа жетуі үшін қызып тұрған күннің астында 1 сағат тұрса жеткілікті. Енді осындай машинада қалған жас баланың қандай жағдайға түсетінін бір елестетіп көрдіңіз бе?

«Ұмыт қалған бала синдромы»

Bild.de басылымы жазғандай, АҚШ-тың Теннеси штатында қайғылы оқиға орын алған. Әкесі көліктің ішінде ұмытып кеткен бір жасар қызы Катера Баркер қызып кеткен машинада қаза болды. Анасы қызының мәйітін арадан он сағат өткеннен кейін барып тауып алды...

23 мамырда сағат 7:30-да Мэтт Баркер кішкентай қызы мен оның бес жасар ағасын балабақшаға алып бару үшін көлікпен жолға шықты. Әртүрлі шаруамен басын қатып жүріп, ұлын бақшада қалдырған ол көліктің артқы орындығында бір жастар қызын ұмытып кетеді. Үйіне қайтып келгесін машинаны жол жиегінеа қалдырып, такси шақырып, әуежайға барып, одан әрі іс - сапарға кеткен.

Кешке балаларды балабақшадан алуға Мэттің жұбайы Женни Баркер барады. Бірақ, балаларының біреуі жоқ... Бір сұмдықты сезген ана, сағат 17:45 те 911-ге қоңырау шалып, үйіне қайтты. Бұл кезде көлікте қалып қойған қыз өмірмен қоштасқан еді.

Катера бар жоғы 1 жаста еді

Британияның «Dailу Mail» баслымының жазуынша, сол күні ауа температурасы көлеңкенің өзінде +32 градус болған екен. Ал, көліктің ішінде +50 градус.

2018 жылдың қаңтар - мамыр айларында Америка Құрама Штаттарында көлікте қалдырылған алты бала қайтыс болған. Орташа есеппен, жыл сайын 37 американдық бала автомобильдегі салғырттық салдарынан гипертермиядан өледі. +40 градустан асып кеткен дене қызуының қайта қалпына келуі өте қиын.

Өкінішке орай бұл «синдром» бізде де пайда болғанына біраз уақыт болды.

Қандай автокөлік күнге тез қызады?

Аризона университеті мен Сан-Диего медициналық мектебі білесіп түрлі машиналарды күннің ыстығында қалай қызатынын, ондағы екі жасар баланың қандай жағдайға түсетінін зеріттеп көрді.

Зерттеушілер алты көлікті таңдады: екі орташа үлкендіктегі бірдей күміс түстес седан, екі шағын күмістүстес машина және екі күмістүстес минивэн.

Үш күн бойы автомобильдер Аризонадағы аптап ыстығында және көлеңкеде тұрды. Көліктердің ішіндегі және сыртындағы ауа температурасы мұқият жазылып отырды.

Күн астында тұрған көліктің салонындағы температура орта есеппен сағатына 46,6 градус болды. Борт ішінде 69,4 С°, руль 52,7 С°, орындықтардағы температура 50,5 С°-ты көрсетті.

Көлеңке жерде тұрған машинаның салонындағы температура орта есеппен 37,7 градусқа шықты. Бір сағат ішінде көрсеткіш 47,7 С°, басқару блогы 41,6 С°, орындықтар 40,5 градусқа дейін қызып кеткен.

Автокөліктердің қызуы уақытында да айырмашылықтар бар. Көлік қаншалықты шағын болған сайын күнге тез қызып кетеді екен.