Көліктегі дәрі қорапшасында қандай заттар болуы керек?

0
6 896

Алыс жолға шыққанда немесе елсізде кетіп бара жатып оқыс жағдайға тап болсаңыз, дәріхананы қайдан табасыз?


Көліктегі дәрі қорапшасында қандай заттар болуы керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әдетте, кейбір адамдар көліктегі дәрі қобдишасын жол қозғалысы ережелерінде жазылғандықтан ғана алып жүреді және оның ішінде не болу керек екенін ойлай қоймайды. Егер, көліктегі біреуге бірдеңе бола қалса, тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханалар жеткілікті. Алайда, алыс жолға шыққанда немесе елсізде кетіп бара жатып оқыс жағдайға тап болсаңыз ше? Дәріхананы қайдан табасыз?

Оның үстіне, қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Ал, апаттан зардап шегушінің өмірі алғашқы медициналық көмекке тікелей байланысты. Сондықтан, әрбір жүргізушінің көлігінде толық жинақталған дәрі қобдишасы болуы керек.


Заң бойынша...

Дәрі қобдишасының толық құрамы заң бойынша бекітілген. Алайда, жаңа ережеге сай ішінде бірде-бір дәрі жоқ, тек қан тоқтататын заттар, дәке және лейкопластырь қалған. Дегенмен, қорапшаның ішіне дәрілерді де салып қойған дұрыс, оған ешкім тыйым салмайды.

Сонымен, дәрі-дәрмек қобдишасында:

1. созылмалы материалдан жасалған таңғыш (қан тоқтату үшін);

2. Әртүрлі өлшемдегі бинттер;

3. Құрамында фурагин бар қан тоқтататын дәке;

4. Хлоргексинді орағыштар;

5. Йодтың 5 процентті ерітіндісі;

6. Бактерицидті лейкопластырь;

7. Таңуға арналған пакет;

8. Аяқ-қол сынғанда қолданатын таңғыш;

9. Медициналық полиэтилен қолғаптар;

10. Жасанды тыныс алуға көмектесетін ингалятор;

11. Өкпені желдетуге арналған клапан;

12. 20 пайыздық сульфацил-натрий ерітіндісі;

13. Қайшы, түйреуіштер болуы керек.


Осы құралдардың көмегімен алғашқы көмек көрсетуге болады, бірақ кейде бұлар да жеткіліксіз болып қалатынын есте сақтау керек. Дегенмен, медициналық білімсіз аса күрделі препараттарды қолдану өте қауіпті!

Қорапшаны толықтыратын заттар

Енді, әмбебап дәрі қобдишасына тоқталайық. Ол, өте қиын сәттерде өз көмегін тигізетін мынадай заттармен толыққаны дұрыс:

1. Сутегі асқын тотығы. Жараны микробтан тазалау үшін;

2. Марганең ерітіндісі;

3. Парацетамол – температураны түсіру үшін;

4. Нитроглицерин, валидол инфаркт кезінде қолданылады;

5. 25 мг. каптоприл. Қан қысымын төмендету үшін;

6. Гастал, Ренни немесе белсендірілген көмір;

7. Көзді тазалауға арналған тамшылар;

8. Пантенол немесе ұқсас аналогтар – күйік шалғанда қолданылады;

9. Қандай да бір ауырсынған дене мүшелеріне жағатын май;

10. Диареяға – Лоперамид;

11. Қараңғы уақытта шам қажет болады;

12. Пинцет.


Автокөлік қобдишасы қаншалықты пайдалы?

Көліктегі дәрі қобдишасы қаншалықты пайдалы болуы мүмкін деген мәселе төңірегінде дау көп. Өйткені, оны алғашқы көмек көрсету бойынша білімі бар адам ғана сауатты түрде пайдалана алады. Сондай-ақ, қорапшадағы құрылғыларда нұсқаулықтар болмайды, оның үстіне апатқа түскен адам ол нұсқаулықтарды ақтарып отыра алмайды. Ал, осындай қиын жағдайларға дайын болу үшін дәрігерлер барлық жүргәзушілерге алғашқы көмек көрсету курстарынан өтуге кеңес береді.

Демек, өзінің және өзгелердің өміріне алаңдайтын әр жүргізуші үшін дәрі-дәрмек қорапшасын сатып алып, ішіне құрылғыларды толтырып қою жеткіліксіз!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Әлемдегі ең қауіпті автокөліктер (антирейтинг)


Ксенон немесе галоген - көлікке қайсысын салған дұрыс?