Автокөліктің алдыңғы және артқы әйнегін жаңбыр суынан, қарды және басқа да ластанулардан тазалайтын механизм әдетте "дворник" атауымен танымал болып кеткен. Әсіресе, көктем мезгілінде көмегіне көп.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бұл құралдар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, адам өмірінің қауіпсіздігіне де пайдасын тигізеді. Өйткені, жүргізуші үшін жолдың жақсы көрінуі – қауіпсіз қозғалыстың негізгі факторы. Сондықтан біз өз міндеттерін жоғары дәрежеде орындай алатын үздік әйнек тазалағыш щеткалардың рейтингін құрдық.
Әйнек тазалағыш щетканы қай өндірушіден таңдау керек?
Автодүкендерден мұндай құралдың көптеген түрін табуға болады, бірақ тәжірибелі жүргізушілер сенімді, тексерілген брендтерді ғана қолданады. Олардың пікірінше, ең үздік үлгілерді мына сауда маркалары шығарады:
Bosch – автокөлік жабдықтары, тұрмыстық техника және электр құралдарының көптеген түрін ұсынатын танымал әлемдік өндіруші. Компания қызметінің мақсаты – адамдардың өміріне қажетті заттардың сапасын айтарлықтай жақсарту және қабілеті жоғары технологиялық өнімдер жасау. Олардың көлік жабдықтары беріктігі және сенімділігімен ерекшеленеді.
Trico – әйнек тазалағыш щеткаларын өндіруге мамандандырылған американдық ірі компания. Компанияның тарихы 20 ғасырдың басында көліктердің әйнектеріне алғашқы тазалау құралдарын орнатудан басталған. Қазіргі уақытта бұл ай сайын әлемдік жоғары стандарттарға сай келетін 4 млн-нан астам сапалы өнім шығаратын танымал көшбасшы өндіруші.
Valeo – әлемдік автокөліктерді құрастырумен айналысатын кәсіпорын. Тұтынушылар шығарылатын тауарлардың сенімділігіне, жақсы сапасы мен үнемі жаңартылып отыратын үлгілеріне оң баға береді.
Airline – жүк және жеңіл көліктерге арнап бөлшектер жасап шығаратын жас ресейлік компания. Бұл бренд өндірілетін тауарлардың бай таңдауымен, жақсы техникалық және пайдалану сипаттамаларымен ерекшеленеді.
Sparco – автокөлік жиынтықтары мен ілеспе тауарларды (балалар орындықтары, мотошлемдер, автошабандоздарға арналған киім, т.б.) шығаратын ірі итальяндық кәсіпорын. Компания беделімен, өнімінің қолайлылығы және қауіпсіздігімен ерекшеленеді.
Denso – танымал жапондық әзірлеуші және автокөлік құрастырушы бүкіл әлем бойынша сұранысқа ие ең үздік щеткаларды өндіреді. Компания барлық атақты маркалардың зауыттарына қосалқы бөлшектерді жеткізуден екінші орынды иеленеді.
Champion – дүниежүзі бойынша 50 жыл бойы свеча өндіруден бірінші орында тұрған американдық компания. Өнімі көптеген танымал көліктерді өндіру кезінде пайдаланылады. Соңғы жылдары фирманың шығаратын тауарларының арасына жүк және жеңіл көліктерге арналған әйнек тазартқыштар да енген.
Ең жақсы қаңқасыз (каркассыз) щеткалар
Әйнек тазалағыш щеткалардың осы түрінің техникалық ерекшелігі – тазалағыш резеңкенің ішінде иіліп орналасқан серіппелі болат пластинкада. Бұндай щеткалар автокөліктің нақты бір маркасының алдыңғы әйнегіне есептеліп немесе ортақтастырылып өндіріледі. Ал, тұтынушылар пікірі бойынша, қаңқасыз щеткалардың мына 3 түрін атауға болады:
1. Bosch Aerotwin AR604S, 600 мм/450 мм
2. Trico Ice
3. Valeo First Pyramid Multiconnection VFB48
Ең жақсы қаңқалы (каркасты) щеткалар
Щеткалардың бұл түрінің құрылымында металл каркас болады, ал оған тазалағыш резеңке таспа бекітіледі. Щеткалардың мұндай құрылымы өте сапалы болады, себебі бұл каркастың арқасында резеңке әйнекке біркелкі жанасады. Осындац щеткаларды пайдаланушылардың пікірлеріне сүйене отырып, ең үздік екі қаңқалы әйнек тазалағышты ұсынамыз:
1. Сhampion Winter WX60
2. Airlin AWB-W-330
Ең үздік гибридті әйнек тазалағыштар
Гибридті щеткаларда қаңқалы және қаңқасыз үлгілердің қабілеттері бірігеді. Олар шыныға жақсы жанасады және ылғал мен шаңды оңай кетіреді. Көптеген автокөлік иелері мына үлгілерді үздік гибридті щеткалар деп санайды:
1. «Sparco»
2. Denso DUR-060R
Қайсысын сатып алу керек?
Әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, қаңқалы және қаңқасыз әйнек тазалағыш щеткаларының арасынан мына үлгілерді таңдауға болады:
• Қыс мезгілінде Champion Winter WX60;
• Баға мен сапаның оңтайлы үйлесімін іздегендерге Airline AB-W-330;
• Тозуға төзімді Trico Ice щеткалары;
• Әмбебап модельдерге Bosch Aerotwin AR604S, олар кез келген автокөлік үшін жарамды;
• Қызмет ету мерзімі емес, әйнекті тазалау сапасы маңызды болса, Valeo First Pyramid Multiconnection VFB48;
• Ылғалдылығы жоғары аймақтарда тұратын адамдарға Sparco немесе Denso DU-060R щеткаларын сатып алған дұрыс.
Каркасты, каркассыз немесе гибридті щеткаларды таңдауды әркім өзі шешеді. Бірақ, автоәуесқойлардың көпшілігінің айтуынша, ең жақсы әйнек тазалағыш – бастапқыда көлікті құрастырушы зауыт орнатқан үлгісі. Демек, мүмкіндігінше ұқсас нұсқаны іздеу керек.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Жүргізушілерге арналған тамаша көзілдіріктер