Оқ өтпейтін көліктер ҚАНША тұрады?

0
3 545

Мұндай автокөліктердің құны қанша?


Оқ өтпейтін көліктер ҚАНША тұрады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ықпалды адамдар өз қауіпсіздігіне өте қатты мән береді. Өйткені, біз көрген криминалды кинолардағы мемлекет басшылары немесе салмақты саясаткерлерге жасалатын шабуылдар өмірден алынған. Ал, осы мақалада айтылатын автокөліктер атылған оққа ғана емес, жарылыстарға, тіпті химиялық шабуылдарға да қарсы тұра алады.


1. Mercedes Benz S-Guard 600 – 1,4 млн. $

Әлемдегі ең қымбат бұл көлік снайперлердің оғына, реактивті жарылғыштарға және шағын калибрлі снарядтарға қарсы тұра алады. 517 аттың күші бар, 5,5 литрлік V12 қозғалтқышымен жабдықталған көлік 100 км/сағ. жылдамдыққа төрт секунд ішінде жете алады.


2. Audi A8 Security – 685 000-1 млн. $ аралығында

Оқ өтпейтін Audi A8 Security-дің кузовы болат, титан және кевлара металлдарынан жасалған. Ол да оқ пен отқа және химиялық шабуылдарға төтеп береді. 450 аттың күші бар V12 қозғалтқышының арқасында 100 км/сағ. жылдамдыққа бес секундта жетеді.


3. Bentley Mulsanne Mulliner – 400 000 $

Өте сәнді жасалған Bentley Mulsanne қорғаныс қабаттарының көмегімен автоматтың оғы мен химиялық шабуылға, жарылыстарға төтеп бере алады. Ал, 6,7 литрлік 505 аттың күші бар қозғалтқышының арқасында 296 км/сағ. жылдамдықпен жүруге мүмкіндігі бар.


4. «Rijck» қорғаныс қабаты бар Maybach 62S – 352 000 $

Maybach автокөліктері бастапқыда өте қымбат болды. Ал, танымал швейцариялық Rijk компаниясы оларды қорғаныспен жабдықтағаннан бастап бағасы одан сайын аспандап кеткен. Брондалған Maybach 62S жақыннан атылған қуатты снайперлік винтовкаға қарсы тұра алады. Автокөлік бес секундта 100 км/сағ. жылдамдыққа жете алатын AMG V12 Biturbo қоғалтқышымен жабдықталған.


5. BMW 7 Series High Security – 350 000 $


Бүкіл әлемге танымал BMW-нің 7-сериясы бойынша жасалған Нigh Security-дің қалың қорғанысы көліктің басқарылуына және жылдамдығына әсер етпейді екен. Оқ пен химиялық шабуылдарға қарсы тұратын көлік 6 литрлік 535 аттың күші бар V12 қозғалтқышымен жабдықталған.


6. Папамобиль – 311 000 $

Рим Папасын тасымалдау үшін арнайы жасалған көлік оққа, биологиялық және химиялық шабуылдардың барлық түрлеріне төтеп береді. Оның 5 литрлі V8 Mercedes Benz атты қозғалтқышының күші жылдамдықты 6 секундта 110 км/сағ-қа жеткізе алады.


7. Conquest Knight ХV – 310 000 $

Брондалған әрі жол талғамайтын Conquest Knight XV-дің кузовы болаттан, әйнегі ең мықты шыныдан жасалған және доңғалақтары оңайлықпен зақымданбайды. Ал, максималды жылдамдығы – 250 км/сағ-қа жетуі мүмкін.


8. Cadillac One – 300 000 $

Америка Құрама Штаттарының Президенті пайдаланатын Cadillac One лимузинінің сипаттамалары құпия сақталады, бірақ кейбір дереккөздер бұл көлік тіпті ядролық қаруға да төтеп бере алады деген болжам жасаған.


9. Жол талғамайтын The Dartz Kombat T98 – 200 000 $

Ресейлік жол талғамайтын Dartz Kombat T98-дің кузовы қалыңдығы 7 см болаттан және әйнегі оқ өтпейтін шыныдан жасалған. Сағатына 180 шақырымды артқа тастайтын көлік 8,1 литрлік Vortec V8 қозғалтқышымен жабдықталған.


10. The Tumbler – соңғы «бэтмобиль»

Бұл автокөлік «Бэтмен» туралы фантастикалық фильм үшін жасалған және автоматты зеңбірекпен жабдықталған. Егер, оны біреу сатып алғысы келсе, 1 миллион доллар төлеуіне тура келеді.


Дайындаған: А.Мейірхан

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің ДӨҢГЕЛЕГІ "ТЕҢ" болмаса, ҚАУІПТІ

Жол апатына ТҮСПЕУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?