Сағатына 500 км-ге жуық жылдамдықпен жүретін көлікті білесіз бе?

0
6 020

Автокөліктің сапасы мен қызметін өлшейтін көптеген өлшемдер бар. Соның ішінде көптеген жастар қызығатын көлік үшін негізгі өлшем - жылдамдығы.


Сағатына 500 км-ге жуық жылдамдықпен жүретін көлікті білесіз бе?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Бүгін Сіздерге лемдегі ең жылдам 10 көлікті ұсынамыз. Негізінен бұл спорттық үлгілері, сондай-ақ қаншалықты жылдам көлік болса, бағасы да соншалықты қымбат болатыны белгілі.


10. Noble M600 – максималды жылдамдығы 362 км/сағ.


Британдық суперкөліктің керемет корпусы адамдардың назарын бірден аударады, себебі ол тот баспайтын болат пен көміртекті талшықтан жасалған. Алайда, оны сынақтан өткізгенде тек 346 км/сағ-қа дейін ғана тәуекел еткен, өйткені жүргізуші сол жылдамдыққа жеткен кезінде көліктен өте күшті дірілді сезген. 650 аттың күші бар көліктің бағасы – 330 мың АҚШ доллары.


9. Pagani Huayra

Көлітің ең жоғары жылдамдығы — 370 км/сағ. Бұл көміртекті талшықтан жасалған әдемі итальяндық суперкөлік болып есептеледі. Ол басында 720 ат күші бар «Mercedes-AMG V12» алты литрлік қозғалтқышымен жабдықталған. Жаңа үлгідегі автокөлікті өндірушілердің айтуынша, стандартты Huayra көліктеріне қарағанда жеңіл және қуатты болып жасқталып қайта шыққан. Ал, аталған жаңа үлгі қозғалтқышы 789 ат күшіне дейін жақсартылған.


8. Zenvo ST1 шектік жылдамдығы — 375 км/сағ.


Бірнеше Дат көліктерінің арасындағы ең жылдам әрі жеңілі. Zenvo ST1 Зеландияда жиналған, ол Дат инженерлерінің шеберлігінің биіктігін көрсетеді. Өйткені автокөлік 6,8 литрлік, 1205 ат күші бар V8 қозғалтқышымен және турбокомпрессормен жабдықталған. Сондай-ақ, көліктің жылдамдығы шектік деңгейден де асып кетуі мүмкін дейді мамандар. Ол 15 жеке тиражбен шығарылған, бірақ Сіз оны біздің елдің көшесінен көруіңіз екіталай.


7. McLaren F1— 386 км/сағ.

Бұл 970 мың АҚШ долларына сатылатын, бірегей дизайнмен жасалған автокөлік. Оның авторлары – Гордон Мюррей және Питер Стивенс. Көліктегі жүргізуші орындығы мен рульі салонның ортасында орналасқан. McLaren F1 20 ғасырдың соңынан 2005 жылға дейін «әлемдегі ең жылдам автокөлік» атағына ие болып келген. Аталған британдық сұлу темір тұлпар – 627 ат күші бар V12 қозғалтқышымен жасақталған.


6. Koenigsegg CCX шекті жылдамдығы – 405 км/сағ.

545 568 доллар тұратын швед моделі Top Gear PowerLaps сайысының көптеген марапаттарына ие болған. Оған атақ пен даңқ сыйлаған жүргізуші Джереми Кларксон есімді азамат. Сондай-ақ, оның кейбір кемшіліктерін байқаған өндірушілер 2006 жылы қайта өңдеп, Koenigsegg атты суперкөлікті жасап шыққан. Содан кейін, Forbes журналындағы «әлемдегі әдемі автокөліктер» тізіміне қосылған.


5. 9ff GT9-R – 414 км/сағ.

Porsche 911-ге ұқсас 695 мың доллар тұратын көлікті «9ff» атты неміс компаниясын құрастырған. Автоәуесқойлар оның дизайнына, автокөліктің сұлулығына таңданып та, «үрейлі фаралар» мен тым ұзын шанағын сынап та пікір білдірген. Ал, осы қарапайым көліктің негізгі ерекшелігі – 1120 ат күші бар төрт литрлік Twin Turbo қозғалтқышының орналасуы болып табылады.


4. SSC Ultimate Aero

Теориялық қол жетімді жылдамдығы — 430 км/сағ-қа тең. Shelby SuperCars американдық көлігінен озып, 2007 жылдан 2010 жылға дейін «Veyron Super Sport» нұсқасы бойынша жылдам көліктер әлемінің королі болған. Айта кетейік, бұл рекордқа жету үшін көлікке 6,3 литрлік Twin Turbo V8 1287 ат күші бар қозғалтқышы көмектескен. Сондай-ақ, көлікті тек қана тәжірибесі мол жүргізушілер дұрыс басқара алады.


3. Bugatti Veyron Super Sport – 431 км/сағ.

Volkswagen Bugatti маркасын сатып алған кезде, бір мақсатты көздеді: «әлемдегі ең жылдам сериялық автомобиль шығару». Бастапқы Veyron көлігі осы мақсатқа жетті, алайда ол жақында SSC Ultimate Aero-дан төмен болып қалды. Сондықтан Bugatti Super Sport көлігі қайта құрастырылып, пайда болды. Ол қуаты 1200 ат күшіне тең 8 литрлік Quad Turbo W16 қозғалтқышымен, сондай-ақ сағатына бірнеше қосымша шақырымды ұтып алуға көмектесетін көптеген аэродинамикалық өзгерістермен жасақталды. Бұл сәнді автомобильдің құны – 2,4 млн. АҚШ долларына тең, бірақ бағасына қарамастан, көлікке деген сұраныс өте жоғары.


2. Hennessey Venom GT—435 км/сағ.


Кеннеди ғарыш орталығының аумағында өткізілген 2014 жылғы сынауларда көміртекті талшықтан жасалған корпусы бар көлік 435 км/сағ. жылдамдыққа жеткен. 1244 ат күші бар Twin Turbo 7,0 литрлік V8 қозғалтқышымен жабдықталған суперкөлік бағасы – 1 млн. доллар.


1. Bugatti Chiron – ең жылдам автокөлік


Бұл көліктің шекті жылдамдығы – 463 км/сағ. және 2018 жылы әлемдегі ең жылдам көлік болды, тіпті 2019 жылы жылдамдық рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Оның дизайны және техникалық сипаттамалары 2016 жылға дейін құпия болып келген. Сондай-ақ, бұл сәнді екі орынды автокөлік әлемдегі ең жылдам және қымбат автокөлік. Bugatti Veyron-ның жетістігінен кейін әзірленген. Bugatti Chiron 16-цилиндрлік қозғалтқышпен жабдықталған және онда 1500 ат күші бар, 0-ден 100 километрге дейін 2.5 секундта жетеді.

Иә, жылдам көліктер бәріне ұнайды. Бірақ бірінші орынға қаусіздікті қойған дұрыс!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қыс мезгілінде ең пайдалы және қажетті 10 автокөлік құралы


Қарда жүретін үздік көліктер топтамасы - 2018-2019