Шетелден әкелінетін көліктердің бағасы НЕГЕ ҚЫМБАТ болады?

0
4 445

Көлік қымбат, ал утилизациялық алымның мөлшері көп. Бұл жүргізушілер ұшін проблемаға айналып отыр.


Шетелден әкелінетін көліктердің бағасы НЕГЕ ҚЫМБАТ болады?

Бүгінде сапалы көлік міну үшін көптеген проблемамен, қаржылық қиындықпен бетпе-бет келіп жатамыз. Солардың бірі - шетелден көлік сатып әкелу үшін утилизациялық алымға қыруар қаржы керек болатындығы.


Біраз уақыт бұрын Нұраддин Садықов есімді азаматтың әлеуметтік желіге жариялаған жазбасын оқыдым. Ол да біз қозғағалы отырған мәселені көтеріпті. Нақтырақ айтсақ, ол біршама уақыт адын Оңтүстік Кореядан «Kia Morning» маркалы көлігін 1 800 мың теңгеге жуық ақшаға сатып алып, оның 600 мың теңгесін төлеп, Кореядан Алматыға жеткізген. Ал, Қазақстанға келгесін кедендік алым үшін 710 000 теңге, «Euro 5» стандартына сәйкестігін дәлелдейтін құжат алу үшін 200 000 теңгедей ақша жұмсаған. Одан бөлек, шыққанына көп бола қоймаған жаңа көлік үшін 380 000 теңге утилизациялық алым, алғашқы тіркеуге 71 000 теңге, нөмір мен техпаспортқа 12 000 теңге мемлекеттік алым төлеген. Сонда, майда-шүйде шығынды қоспағанда, Кореядан 2 500 000 теңгеге жуық қаржы жұмсап әкелген көлігін елімізде рәсімдеу үшін тағы 1 373 000 теңге жұмсаған.

«Оның 797 000 теңгесі кеден, қаржы министрлігі секілді мемлекеттік органдарға төленген қаражат болса, қалған 580 000 теңгесі қолдан лобби жасап отырған жеке компаниялардың шотына аударылған. Айта кетейік, бұл осы көлікті тіркеуге сол кездегі айлық есептіккөрсеткіш көлемі 2525 теңге болғанда кеткен қаражат. Ал, қазір АЕК 2917 теңге, яғни қазір бұл алымдарға одан да көп қаржы кетеді», - дейді ол. Демек, шетелден әкелінетін жаңа көліктердің қымбат болуы осындай себептерге байланысты.



Расында, көлік өндіруші компаниялардың ресми сайтына көз жүгіртсек, негізгі өндіруші Жапония мен құрастырушы Қазақстандағы бағаның әжептәуір айырмашылығы бар екенін аңғарамыз. Дұрыс, кеден, утилизация сияқты салықтар барлық елде бар. Бірақ, осынша көп мөлшерде салық салу халыққа қаншалықты қолайлы? Мәселен, Европа елдерінде утилизациялық салықтың мөлшері небәрі жүз евро немесе 50 000 теңгенің айналасында екен. Ал, біздің елімізде одан 3-4 есе көп болып отыр.



Қазір біздің елдегі көлік саласының қымбатшылығы бір ғана салаға әсер етпейтіні де анық. Күннен-күнге өсіп жатқан баға қара халықтың қалтасын едәуір жұқартып тастады. Өз елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақтамай, күн сайын көтеріліп жатыр. Кей сарапшылар бұл мәселеге де көлік бағасының әсері бар дейді. Жеңіл көліктің бағасы еселеп көтерілгенде, ауыр техникалардың құны да қымбаттайтыны заңдылық қой. Ал, сол бағасы қымбат комбайн, трактор секілді көліктерді сатып алатын диқандар өнім бағасын тұрақты ұстап тұра ала ма? Әрине, жоқ.

Сондай-ақ, соңғы жылдары осы алымның көбеюінің салдарынан шетелден көлік әкеліп сататын тасымалдаушылар да азайған. Ал, келіп жатқан көлік аз болса, бағасы қымбаттап, ел экономикасына да, халықтың жағдайына да кері әсер ететіні анық емес пе?



Еліміздегі барлық сала автомобиль саласымен тығыз байланыста болатынын ескерсек, бір ғана көлікке салынатын салық пен алымның өзі барлық тауардың қымбаттауына сеп болады. Сондықтан, бұл тек көлік жүргізушілерінің ғана емес, тұтас елдің мәселесі. Сондықтан аталмыш проблеманың ертерек шешілгені ел азаматтары үшін жақсы болар еді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің орындығын жылытатын жабдық ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА шалдықтырады


Бұл әдіс-тәсілдерді БАРЛЫҚ жүргізуші білуі тиіс