Шағын жылыжайдан бастаған қазығұрттық шаруа бүгінде ірі фермерге айналды

0
3 134

​Төрт ағайынды бірігіп үлкен шаруашылық бастаған «Сайдахмат ата» шаруа қожалығы бес жылдан бері мал басын көбейту, бордақылау ісімен шұғылданып келеді. Қожалықта қазір 200-ге жуық ірі қара мал бар.


Шағын жылыжайдан бастаған қазығұрттық шаруа бүгінде ірі фермерге айналды

Төрт ағайынды бірігіп үлкен шаруашылық бастаған «Сайдахмат ата» шаруа қожалығы бес жылдан бері мал басын көбейту, бордақылау ісімен шұғылданып келеді. Қожалықта қазір 200-ге жуық ірі қара мал бар.

Кәсіпкер Сайдали Тұрсынов әуелгіде істі өз қаржысына бастап, бұл кәсіп түрін аз уақыт ішінде дөңгелетіп кетеді. Осылай мал саны жылдан жылға артып, бүгінде тұрбаттық 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.


Шаруашылықтың жұмысын жүргізіп, әрбір малдың мінез-сырын танып үлгерген Ильяс Сайпов Үкімет тарапынан 10-15 миллион теңгеге дейін субсидия берілгенін, аудандық ауылшаруашылық бөлімінен қолдау көрсетілуде екенін айтады. Сонымен қатар қораның сыйымдылығы әзірге 250 бас мал екен.

«Келешекте ауқымдылық көлемін арттырып, 1000 бас малға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Осыған сәйкес жұмыстар да жүргізілуде. Өткен жылдың қараша айында Семейден «Ақбас-Ангус» малын алып келдік. Бұл қара малды көбейту ісін де байқап көрмек ойымыз бар», - дейді Ильяс Сайдалиұлы.