​Ет сүрлейтін құрылғы ойлап тапты

0
3 898

АҚШ-та тұратын моңғол азаматы ет сүрлейтін құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Ет сүрлейтін құрылғы ойлап тапты

АҚШ-та тұратын моңғол азаматы ет сүрлейтін құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Шетелде өмір сүретін моңғолдардың отанынан тапсырыспен алдыратын заттарының үлкен бөлігін құрт, сүрленген ет секілді дәстүрлі көшпенділердің азық-түлік өнімдерін құрайды. Осыған байланысты АҚШ-та тұратын моңғол азаматы ет сүрлейтін құрылғына қолдан жасап шыққан. Қолжетімді ет сүрлейтін құрылғының авторы Шыңғыс Ғант бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Жазбаны әлеуметтік желі пайдаланушылары ұнатып, ол көп бөлісілген.

«Сүр етті соншалықты жақсы көрсем де АҚШ-та мұндай мүмкіндік туындай бермейтіні белгілі. Сондықтан да өз қолыммен сүр ет жасайтын құрылғы жасадым. Артық дыбыссыз, электрді де аз тұтынатын құрылғы мен үшін тиянақты шешім болды. Жаңа құрылғымды «Borts Maker» деп атадым. Дәмі тура сүр еттікіндей. Көпшілік алғыс айтуда» - деп жазды ол.

Өнертапқыштың жасаған ет сүрлейтін құрылғысына бар-жоғы 13,5 доллар жұмсалған.

«Ет сүрлегішті жасау үшін «Желдеткіш - 4 дана, біреуі - $ 2, қорап $3, істік ағаш $0.5, қысқыш $ 2, жалпы 13,5 доллар жұмсалды, бұған қоса $ 1 өзімнің адаптерімді қолдандым. Жасауға қолданған құралдар бұрғы мен пышақ» - деп жазды ол.