​Балаңызға әзірлеген асыңыз пайдалы ма?

0
2 843

Сүзбе - адам ағзасына ең пайдалы өнімдердің бірі. Алайда балалар көбіне сүзбеден бас тартып жатады. Мұндайда әйел адамға шеберлік пен қулық қажет болады. Тоңазытқышта тұрған сүзбені балаларға жегізудің де амалдары бар. Ол үшін сіз қарапайым сүзбеден дәмді бәліштер, күлшелер, варениктер пісіруіңіз қажет. Мұндай тәтті нандарды дайындауға көп уақыт кетпейді. Ендеше, сүзбе қосып жасалатын бірнеше рецептерді ұсынамыз.


​Балаңызға әзірлеген асыңыз пайдалы ма?

фото: vgolovah.ru

Сүзбе - адам ағзасына ең пайдалы өнімдердің бірі. Алайда балалар көбіне сүзбеден бас тартып жатады. Мұндайда әйел адамға шеберлік пен қулық қажет болады. Тоңазытқышта тұрған сүзбені балаларға жегізудің де амалдары бар. Ол үшін сіз қарапайым сүзбеден дәмді бәліштер, күлшелер, варениктер пісіруіңіз қажет. Мұндай тәтті нандарды дайындауға көп уақыт кетпейді. Ендеше, сүзбе қосып жасалатын бірнеше рецептерді ұсынамыз.


Тез дайындалатын варениктер

Қажетті өнімдер:

400 гр. сүзбе

1 дана жұмыртқа

3-4 ас қасық ұн

Дәміне қарай қант қосылады.

Дайындалуы:

1.Табаққа сүзбе, жұмыртқа, қант пен ұнды салып, жақсылап араластырамыз. Дайын қамырдан ұзын-ұзын шұжықтар дайындаймыз.

2.Содан соң әрбір шұжықты кішкене-кішкене бөліктерге бөліп, дөңгелектеу қажет. Осылайша дайындалған домалақ қамырдың ортасына қаймақ немесе қойлтылған сүт құйып қоюға болады.

3.Сүзбе қосылған қамырларды қайнап тұрған суға салып пісіріп аламыз. Қамыр судың бетіне шыққанша қозғамаңыз. Ал, бетіне қалқып шыққаннан кейін екі минуттай қайнатып, сүзіп ала бересіз.

4.Пісіп шыққан варениктердің ортасына жоғарыда айтып өткеніміздей, қаймақ немесе қаймақ салып, дастарханға ұсынасыз. Мұны балалар сүйіп жейді.


Сүзбелі құймақ

Қажетті өнімдер:

400 гр. сүзбе

1 дана жұмыртқа

2 ас қасық ұнтақ жармасы (манка)

Дайындалу тәсілі:

1.Жұмыртқаның ақ уызын жақсылап көпіршітіп алыңыз. Сосын оған сүзбе мен ұнтақ жарманы қосып, араластырасыз. Дайын араласпаны, жарты сағаттай қойып қою керек. Осы уақыт аралығында ұнтақ жармасы ісінеді.

2.Жарты сағат өткен соң дайын қамырдан құймақтарды дайындап, өсімдік майына қуырып аласыз.

3.Мұндай құймақтарды тосаппен, қаймақпен немесе қойылтылған сүтпен ұсынған дұрыс.


Сүзбе қосылған пісірме

Қажетті өнімдер:

300 гр. сүзбе

2 дана жұмыртқа

Жарты стақан қаймақ

4 ас қасық ұнтақ жармасы

1 пакет қамыр қопсытқыш

Шым-шым ванильді қант

Дайындалуы:

1.Қант пен жұмыртқаны араластырып, көпіршітіп аласыз. Кейін сүзбе мен ұнтақ жармасын қосып араластырасыз. Соңында қаймақты, қамыр қопсытқышты қосыңыз.

2.Сүзбе араласпасына ванильді қант пен азырақ кептірілген өрік немесе мейізді, кез келген жидектерді қосуға болады.

3.Пешті 200 градусқа қыздырып, қамырды формаға салыңыз. Содан соң пешті 180 градусқа дейін түсіріп, пісірмені 40 минут ұстайсыз. Сонда пісірме де дайын болады.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ

суреттер: gastronom.ru, gotovite.ru, chef.tm