​Қарбыз жегенде ағза қандай өзгеріске ұшырайды?

0
11 105

Қарбыздың денсаулық пен сұлулыққа өте пайдалы азықтардың бірі екені белгілі. Ал, оны жегенде ағзада қандай өзгерістер орын алатынын білесіз бе?


​Қарбыз жегенде ағза қандай өзгеріске ұшырайды?

Қарбыз – адамға қажетті А, Е, С, В1, В2 В6, В9 және РР дәрумендерінің қайнар көзі. Тәтті болғанына қарамастан қарбызды қант диабетіне шалдыққандарға да жеуге болады. Құрамындағы фолий қышқылы мен каротин және тағы басқа пайдалы заттар зат алмасуды жақсартып, ағзадағы барлық жүйеге жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, қарбыз өтті айдауға, бет терісінің түсін жақсартуға, асқазан-ішек жолдарының жұмыстарын қалыпты етуге көмектесетінін есте сақтаған жөн. Сымбатын бұзып алудан қорқатын нәзікжандылар үшін қарбызды қорықпай жей беруге кеңес береміз. Өйткені, оның құнарлылығы өте төмен.


Тағы да оқыңыз: Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат

Қарбызды емдік тағам ретінде де қолданады. Мәселен, қышыма мен псориаз кезінде қарбыздың жұмсағын жараға жақса, тез жазылуына әрі терінің жасаруына септігін тигізеді екен. Ең қызығы, қарбыздың еті ғана емес, қабығы да пайдалы дейді мамандар. Қарбыз қабығынан дайындалған тұнба ісікті қайтаруға, сарп ауруларынан айығуға көмектесетінін де айта кету керек. Қарбыз дәнінен алынған май адамның жас қалпын сақтауға септігін тигізетін ең пайдалы майлардың бірі болып табылады. Оның құрамы Е дәрумені мен жасартатын қышқылдарға бай.

Дәл осы қышқылдар әжімдерді жазып, беттегі дақтарды кетіреді. Сонымен бірге қарбыз майы көп рет боялған әрі сәнделген шашты тез жазып, жеңілдете түседі.


Зияны да жоқ емес

Қанша пайдалы дегенмен, қарбыздың да тигізер зияны бар екен. Әсіресе несеп шығару жолы бұзылған жандарға аталмыш жемісті абайлап жеген дұрыс. Сонымен қатар, іш өту мен іш кепкен жағдайда да қарбыздың кері әсері байқалуы мүмкін. Егер, ағзада үлкен көлемдегі тастар болса, қарбызды көп көлемде мүлде жемеңіз. Себебі, қарбыз ең күшті несеп айдайтын қасиетке ие. Бір айта кетерлігі, жүкті әйелдерге де жүктіліктің соңғы кезеңінде қарбыз мәселесінде абай болған жөн.


Қарбыз жеген адамның ағзасында…


Қарбыздың бойында антиоксиданттар өте көп. Бұл антиоксиданттар ағзаны түрлі бұзылыстардан сақтап, көздің көруін жақсартады. Қарбыздың бойындағы ең күшті қасиеттер бұнымен таусылмайды. Ең кереметі оның құрамында фолий қышқылы бар. Фолий қышқылы ағзаның қалыпты дамуына, дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Қарбыз магний элементінің де қайнар көзі. Ол басқа да пайдалы заттардың ағзаға сіңуіне көмектесетін микроэлемент болып табылады. Ал, ең қызығы магний ең күшті депрессияға қарсы құрал. Егер көңіл күйіңіз болмай, ұйқыңыз қашып жүрсе қарбыз диетасына отырыңыз. Сонда өзіңізді жеңіл сезініп, сергектік пайда болады. Күннің мынадай аптап ыстығында қарбызбен шөлді қандырған сондай рахат! Қарбыз да қияр секілді 90% судан тұрады.


Қыздарға кеңес

Қарбыздан барлық теріге жарамды маска жасаңыз! Ол үшін қарбыздың жұмсақ етін алып жұқа етіп бетке жағасыз. 10-15 минуттан соң бетті жуып тастау керек. Егер бетіңіздің әрін тайдырмай, керісінше жарқырай түскенін қаласаңыз, қарбыз жақпастан бұрын зәйтүн майын пайдаланған дұрыс.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"САЛАТ жабу" науқаны: "ЛЕЧО" салатының өте дәмді 5 ТҮРЛІ рецепті


Котлетке салма салып пісіріп көрдіңіз бе?


Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат